Университет студенттері республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды
2025 жылғы 25–26 қазан күндері Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «MedUSE» және «Метабиологиялық синдромның қазіргі ғылыми аспектілері» тақырыптарында өткен медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған VII Республикалық теориялық-практикалық олимпиада өз мәресіне жетті.
Бұл беделді білім сайысында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Сайлаубай Ғалия – Жалпы медицина-2 мектебі, Мед22-017, 4-курс студенті. «Иммунология» секциясы, II орын.
Әділнұрқызы Аружан – Педиатрия мектебі, П23-008, 3-курс студенті. «Физиология» секциясы, II орын.
Балтабаева Айдана Сарсенғалиевна – Жалпы медицина-2 мектебі, 048-ЖМ22, 4-курс студенті. «Патофизиология» секциясы, II орын.
Исмоилов Эльнур – Жалпы медицина-2 мектебі, ЖМ22-048, 4-курс студенті. «Гистология» секциясы, I орын.
Сражатдинова Динора Советовна – Жалпы медицина-1 мектебі, ЖМ-24-047р, 2-курс студенті. «Анатомия» секциясы, I орын.
Тайжанова Алия Нурланқызы – Жалпы медицина-1 мектебі, ЖМ24-047, 2-курс студенті. «Микробиология» секциясы, II орын.
Абдылдаева Алия Нурлановна – Жалпы медицина-1 мектебі, М23-057, 3-курс студенті. «Патанатомия» секциясы, III орын.
Дияр Әсел Батырбекқызы – Фармация мектебі, Фа21-4, 5-курс студенті. «Фармакология» секциясы, I орын.
Сонымен қатар, ҚазҰМУ командасы олимпиаданың хирургиялық бағыты бойынша «Үздік аналитикалық ойлау қабілеті үшін» номинациясымен марапатталды.
Бұл жетістіктер университетіміз студенттерінің жоғары кәсіби дайындықтарының, ғылыми ой-өрісінің және медицина саласындағы білімге деген қызығушылығының айқын дәлелі.
Оларды шын жүректен құттықтаймыз!












