С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 7М04103-ЕМВА «Денсаулық сақтаудағы бизнес әкімшілендіру» білім беру бағдарламасына оқуға қабылдау
7М04103-ЕМВА «Денсаулық сақтаудағы бизнес әкімшілендіру» білім беру бағдарламасы (ББ) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын меңгерген Қазақстан Республикасының және шетел азаматтарына арналған. Бұл бағдарламаға түсу үшін үміткерлерде басқарушылық қызмет тәжірибесі болуы қажет. 7М04103-ЕМВА «Денсаулық сақтаудағы бизнес әкімшілендіру» ББ қабылдау сұхбаттасу нәтижелері бойынша жүзеге асады (сұхбаттасу сұрақтарының тақырыптары 1-қосымша).
Негізгі мерзімдер мен шарттар:
Құжаттарды қабылдау: 2025 ж. 10 қарашасынан 2026ж. 10 қаңтарына дейін.
Оқу мерзімі: 2026 ж. ақпанын 2026 ж. қарашасына дейін.
Сұхбаттасу күні: 14 қаңтар 2026 ж.
Апелляция күні:. 15 қаңтар 2026 ж
Сабақтың басталуы: 2 ақпан 2026ж.
Оқу ақысы: оқу мерзімі үшін жалпы 1 443 800 теңге.
Төлем тәртібі: Сабақ басталғанға дейін жалпы соманың кемінде 50%-ын (721 900 теңге) төлеу қажет, қалған сома бірінші семестрден кейін келісімшартқа сәйкес төленеді.
Құжаттар тізімі:
- Басқарма Төрағасы – Ректордың атына өтініш (өтініш нысаны қабылдау комиссиясында беріледі).
- Жоғары білім туралы диплом қосымшасымен түпнұсқада және оның көшірмесі.
- Жеке куәліктің көшірмесі.
- 3×4 см өлшемдегі 6 фотосурет.
- 075-У нысанындағы медициналық анықтама.
- Еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе кадрларды есепке алу бойынша толтырылған парақ.
- Қол қойылған келісімшарт екі данада.
Құжаттар тек толық тізім болған жағдайда қабылданады. Оқуға қабылдау емтихан комиссиясының шешімі негізінде Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады.
Барлық сұрақтар бойынша төменде көрсетілген тұлғаларға хабарласуыңызды өтінеміз:
- Сейдуанова Лаура Бейсбековна – +7 707 949 20 70
- Утепбергенова Жазира Маликовна – +7 701 795 31 09
1-қосымша
ЕМВА білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға түсушілерге арналған сұхбат тақырыптары
- Кәсіби мақсаттар мен мотивация:
– Сіздің мансаптық мақсаттарыңыз қандай және ЕМВА бағдарламасы соларға қалай көмектесе алады?
– ЕМВА бағдарламасы арқылы қандай кәсіби дағдыларды дамытқыңыз келеді?
- Жеке және кәсіби жетістіктер:
– Сіздің мансаптағы немесе білім алудағы маңызды жетістіктеріңіз қандай және олар сіздің ЕМВА бағдарламасындағы жетістікке жету әлеуетіңізді қалай көрсетеді?
– Өткен тәжірибеңізден қандай сабақ алдыңыз және бұл сіздің мақсаттарыңызға қалай әсер етті?
- Сіздің тәжірибеңіздің бірегейлігі мен әртүрлілігі:
– Сіздің кәсіби және жеке өміріңіздегі бірегей тәжірибеңіз ЕМВА бағдарламасының білім беру қауымдастығына қандай құнды үлес қоса алады?
– Түрлі мәдени немесе кәсіби контекстерден алған қандай сабақтар мен дағдылар бар?
- ЕМВА бағдарламасы мен университет туралы біліміңіз:
– Неліктен дәл осы ЕМВА бағдарламасын және университетті таңдадыңыз?
– Бағдарламаның және университет ресурстарының қай нақты аспектілері сізді қызықтырады және неге?
- Мәселелерді шешу және көшбасшылық:
– Мансап барысында сіз көшбасшы рөлін атқарған немесе күрделі міндеттерді шешкен нақты мысалдар келтіріңіз.
– ЕМВА бағдарламасында және болашақ мансабыңызда көшбасшылық саласында алған білім мен дағдыларды қалай пайдаланбақсыз?
- MBA бағдарламасының кәсіби дамуыңызға әсері:
– ЕМВА бағдарламасының кәсіби дамуыңыз үшін ең маңызды қандай аспектілері бар?
– Бағдарламаны аяқтағаннан кейін алған білім мен тәжірибені қалай қолдануды жоспарлап отырсыз?








