Жүйке аурулары кафедрасының академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыруы
Академиялық мобильдік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүйке аурулары кафедрасының профессор – ассистенті Демесинова Б.К. 2025 жылдың 3 қарашасынан 8 қарашасына дейінгі кезеңде Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына» «Ересектер және балалар неврологиясы» пәні бойынша 6В10101 «Жалпы медицина» факультетінің интерндеріне академиялық ұтқырлық аясында тәжірибелік сабақтар жүргізу мақсатында іс-сапарға жіберілді.
Профессор – ассистенті Демесинова Б.К. барлық тәжірибелік сабақтарды толық көлемде өткізді. ОҚМА-ның неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының интерндері сабақтар мен дәрістерге үлкен қызығушылық танытып, клиникалық және ғылыми білімді меңгеруге ынталылық пен жоғары мотивация көрсетті.
Тәжірибелік сабақтар заманауи инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып жүргізілді, презентациялармен, жағдайлық есептермен, клиникалық тәжірибеден алынған мысалдармен толықтырылып, интерндердің белсенді қатысуымен өтті. Сабақтар барысында ми қан тамырларының жедел және созылмалы бұзылыстары диагностикасының заманауи принциптері, клиникасы мен емдеу тәсілдері, сондай-ақ шашыранды склероз, Дэвик ауруы, когнитивті бұзылыстар бойынша бірқатар мәселелер қарастырылды.
Неврологиялық негізгі симптомдар, синдромдар, аурулардың жас ерекшеліктеріне байланысты клиникалық көріністері, негізгі диагностикалық критерийлер мен пациенттерді оңалтудың қазіргі заманғы әдістері ұсынылды. Оқу материалын жақсы қабылдау үшін қызықты клиникалық кейстер, пациенттердің тексеру деректері көрсетілді. Күрделі клиникалық жағдайлар бірлесе талқыланды.









