Әлемге танымал альпинист Мақсұт Жұмаев ҚазҰМУ-да
26 қараша күні ҚазҰМУ-да әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаев студенттермен кездесу өткізеді. Ол жер шарындағы барлық 14 сегізмыңдық шыңды бағындырған 27-ші адам, әрі оларды қосымша оттегісіз еңсерген әлемдегі санаулы альпинистердің бірі. Сондақ-ақ, Мақсұт Жұмаев Қазақстан құрама командасының капитаны, Kazakh Alpine Club негізін қалаушы.
Кездесуде белгілі альпинист биік таудағы қауіпсіздік жайлы сөз қозғайды. Ол биіктіктегі тәуекелді қалай дұрыс бағалау керек, тәжірибелі альпинистердің өзі жиі жіберетін қателіктер қандай, қиын сәтте шешімді қалай ойлы қабылдау қажет және өмірді сақтайтын негізгі қағидалар туралы айтып береді.
Студенттер мына нәрселерді біле алады:
- ауа райын және жағдайды тез бағалау;
- қауіпсіз көтерілуге қажет негізгі дағдылар;
- биік тауда командалық жұмыс қалай жүреді;
- таудағы тәжірибенің күнделікті өмірге беретін сабақтары.
Уақыт бөліп келіңіздер! Бұл кездесуде тек альпинизм емес, мақсатқа адал болудың мағынасы да қозғалады.



