Public Talk MUSE — ғылым мен өнер тоғысқан шабыттандырар шара
Public Talk MUSE көрмесінің негізгі мақсаты — ғылымды көркем өнер арқылы таныту, ғылыми және шығармашылық ойлаудың өзара байланысын көрсету, сондай-ақ ғылым мен өнер салаларындағы әйелдердің жаңа идеялар мен тәсілдердің иегері ретіндегі рөлін айқындау. Бұл көрме ғылым мен өнердің әлемді танудағы өзара толықтыратын маңызын көрсетті және көркем формалардың күрделі ғылыми идеяларды көпшілікке түсінікті әрі тартымды жеткізудің тиімді құралы бола алатынын дәлелдеді. Көрмені ұйымдастырушы — АИТВ инфекциясы және Инфекциялық бақылау эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Мергенова Г.А. таныстырды. Шараға кафедра оқытушылары Саржигитова К.Ш., Бейсенбинова Ж.Б., Дихан М.Д. және студенттер ОЗ22-003к, ОЗ22-004к, СТ24-008к, МПД24-001к, МПД23-003р топтарынан қатысты.
Көрмеде ғылым мен өнердің заманауи байланысы, ғылыми коммуникацияның жаңа түрлері және ғылым мен өнердегі әйелдердің рөлі талқыланды.
Бұл іс-шара студенттердің кәсіби және шығармашылық дүниетанымын кеңейтіп, жаңа идеяларға шабыт берді.











