ҚазҰМУ-дың CAOS командасы хирургия бойынша халықаралық олимпиадада II орын иеленді
10–12 желтоқсан аралығында Новосибирск мемлекеттік медицина университетінің базасында хирургия бойынша VIII Халықаралық олимпиада өтті.
Олимпиадаға төмендегі командалар қатысты:
- Витебск мемлекеттік медицина университеті, Беларусь
- Қарағанды медицина университеті (Қазақстан)
- Әулие Лука атындағы Луганск мемлекеттік медицина университеті
- И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті
- Тюмень мемлекеттік медицина университеті, Ресей
- Ханты-Мансийск мемлекеттік медицина академиясы (ХМГМА), Ресей
- Новосибирск мемлекеттік медицина университетінің бес командасы
- С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің CAOS командасы
Олимпиада 25 конкурс түрін қамтыды:
- Жануарға ішек анастомозын салу
- Микрохирургия
- АКШ
- Браун бойынша ішекаралық анастомоз
- Торакальды хирургия
- Гипстік таңғыш салу
- Қан тамырын тігу
- Алғашқы хирургиялық өңдеу (ПХО)
- Бильрот бойынша асқазан резекциясы
- Жарыққа операция жасау
- Урология
- Сіңірді тігу
- Пластикалық хирургия
- Пирогов үстелі
- Жедел медициналық көмек
- Хирургиялық құралдар
- Теориялық конкурс
- Түйіндер
- Шығармашылық конкурс
Хирургия бойынша халықаралық олимпиада дәстүрлі түрде медицина жоғары оқу орындарының дарынды әрі ынталы студенттерін біріктіріп, оларға теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын және нақты клиникалық тәжірибеге барынша жақын жағдайларда командамен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Олимпиадада ҚазҰМУ-ды С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы хирургия және топографиялық анатомия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Абдыкеримова Күлмира Бельғожаеваның жетекшілігімен CAOS командасы таныстырды. Команда құрамына хирургияға қызығушылығы мен кәсіби дамуға ұмтылысы біріктірген әртүрлі курс пен факультет студенттері енді:
- Тастемір Зере — «Медицина», 4 курс (капитан)
- Маратов Айдос — «Жалпы медицина», 6 курс
- Таңатар Еркебұлан — «Жалпы медицина», 5 курс
- Мулбаева Ырысгүл Жарылғаповна — «Жалпы медицина», 6 курс
- Тұржан Күмісай — Халықаралық факультет, 6 курс
- Джуванышева Калия — Халықаралық факультет, 5 курс
- Каримов Мустафа — «Медицина», 4 курс
- Метиева Хава — «Медицина», 4 курс
- Нурахунов Наиль — «Медицина», 4 курс
- Серикова Милана — «Медицина», 4 курс
- Хан Леонид — «Медицина», 4 курс
- Эркинова Рухшона — «Медицина», 3 курс
- Рустембекова Камила — «Медицина», 3 курс
- Амангелдіқызы Әнел — «Медицина», 3 курс
- Ермекұлы Азамат — «Медицина», 3 курс
- Макатай Дінмұхамед — «Медицина», 3 курс
Іс-шараның халықаралық мәртебесі болашақ дәрігерлер арасында кәсіби және мәдени алмасудың белсенді дамуына ықпал етті.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің CAOS командасы жалпы есепте II орынды иеленді.
11.12.2025 жылы студенттеріміз «Топографиялық анатомия және оперативтік хирургия» секциясы бойынша өткен халықаралық морфологиялық конференцияға қатысты. Аталған секцияда Тастемір Зере II орынды, Каримов Мустафа III орынды, Метиева Хава III орынды иеленді.
CAOS командасына алдағы уақытта толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!














