Тәжірибе алмасу мақсатында Санкт-Петербургтен келген профессор микробиология, вирусология кафедрасында
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ТДМ №3, ТДМ №4, ТДМ №17 мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде 2026 жылғы 4–15 мамыр аралығында микробиология, вирусология кафедрасында И.И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің (Санкт-Петербург, РФ) клиникалық микология, аллергология және иммунология кафедрасынан шақырылған профессор, медицина ғылымдарының докторы Софья Николаевна Хостелидидің жұмыс сапары өтуде.
Ғылыми сапардың негізгі мақсаты – инвазивті микоздарды диагностикалау саласына заманауи клиникалық тәжірибені енгізу.
Софья Николаевна – жоғары деңгейлі маман, медицина ғылымдарының докторы, доцент, инфекционист және терапевт дәрігер. Ғалымның Хирша индексі 11-ге тең. Соңғы бес жыл ішінде 4 оқу-әдістемелік құрал, 88 ғылыми мақала, халықаралық журналдарда 10 ғылыми жарияланым жариялап, 46 конференциялық баяндама жасаған.


