Алматыда Республикалық конкурстардың жеңімпаздары марапатталды
2026 жылғы 29 мамырда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Академиктер залында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» және «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» конкурстары жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы ҚР ДСМ аппарат басшысының 2025 жылғы 17 наурыздағы №178 бұйрығының 18,19-тармақтарын іске асыру мақсатында 2026 жылғы сәуір-мамыр аралығында ұйымдастырылды.
Биыл аталған конкурстарға Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан облыстарының медициналық мекемелері қатысты.
Конкурс жеңімпаздарына С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ арнайы белгілері (статуэткалар, дипломдар, төсбелгілер, алғыс хаттар) табыс етіді.
Медициналық ұйымдардың өкілдері конкурстарды ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығына зор алғысын білдіріп, іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілгенін ерекше атап өтті.
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» конкурсының жеңімпаздары
«Үздік медициналық ұйым» аталымы
1-орын – Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
2-орын – Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
2-орын – Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
3-орын – Алматы облысы Талғар аудандық СЭББ
3-орын – Алматы облысы Ұйғыр аудандық СЭББ
«Үздік сайт» аталымы
1-орын – ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК
2-орын – Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы
3-орын – Академик Н. Батпенов атындағы ҰҒТОО
«Даналық» аталымы
Әшім Ақмоншақ Балғабайқызы – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Қызылорда филиалының логопед маманы (І-дәрежелі диплом, «Даналық» төсбелгісі)
Искиндирова Айман Мансурқызы – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушысы (ІІ-дәрежелі диплом)
Искакова Лунара Әлібекқызы – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушысы (ІІ-дәрежелі диплом)
Жетенова Айгерім Санатқызы – Қонаев қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы (ІІІ-дәрежелі диплом)
«Үздік тіл маманы» аталымы
Септенова Әлия Әсенқызы – ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК тіл маманы (І-дәрежелі диплом, «Үздік тіл маманы» төсбелгісі)
Дүншебаева Гүлжан Нұрбекқызы – Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы (ІІ-дәрежелі диплом)
Жаңабаева Әсем Әлібекқызы – «Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана» ММ тіл маманы (ІІІ-дәрежелі диплом)
«Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» конкурсының жеңімпаздары
«Үздік ғылыми-зерттеу орталығы» – ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК
«Үздік жоғары медициналық білім беру ұйымы» аталымы
1-орын – «Семей медицина университеті» КеАҚ
2-орын – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
3-орын «Астана медицина университеті» КеАҚ
«Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі» – ҚР ДСМ СЭБК Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
«Үздік оңалту ұйымы» аталымы
1-орын – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ, Астана қаласы
2-орын – Алматы қаласы ҚДСБ «Алау» оңалту орталығы» ШЖҚ КМК
3-орын «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Қызылорда филиалы
«Үздік қан қызметі» аталымы
1-орын – ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК
2-орын – ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК
3-орын – Абай облысы Қан орталығы
«Үздік амбулаториялық-емханалық көмек көрсету ұйымы» – Алматы қаласы ҚДСБ «№9 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК
Сондай-ақ мемлекеттік тіл саясатына көпжылғы кәсіби еңбегімен жеке үлес қосқан тіл мамандары да марапатталды:
Шегебаева Бақыт Оразбайқызы – ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК тіл маманы «Үздік тіл оқытушысы» төсбелгісімен
Орынбасарова Бақтынұр Әділқызы – «Астана медицина университеті» КеАҚ бас маманы «Ахмет Байтұрсынұлы-150» төсбелгімен
Бақтиярова Меруерт Оралқызы – ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК бас маманы «Ахмет Байтұрсынұлы-150» төсбелгімен.


















