С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ («КІАҒЗИ» АҚ) Директорлар кеңесінің (ДК) құрамына тәуелсіз директорлар лауазымына кандидаттарды іріктеудің өткізілетіні туралы хабарлайды
Іріктеуді (конверттерді ашуды) өткізу күні: 29.06.2026 ж.
Өткізу орны: Алматы қ., Төле би көш., 94, 1-корпус, ректорат корпусы, 3-қабат, кіші конференция залы.
Лауазым атауы: тәуелсіз директор
Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әйтеке би көшесі, 120/25.
Қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
-Амбулаториялық-емханалық көмек, алғашқы медико-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек, стационарлық көмек, стационарды алмастыратын көмек, жедел медициналық көмек, төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек, қалпына келтіру емдеуі және медициналық оңалту нысандары бойынша медициналық қызмет көрсету;
-Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет, соның ішінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларына, республикалық мақсатты ғылыми-медициналық бағдарламаларға қатысу, ҚР денсаулық сақтау практикасына енгізу жоспарланған ғылыми-медициналық әзірлемелерді жүзеге асыру;
-Қоғам қызметінің бейіні бойынша медико-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану;
-Білім беру қызметіне қатысу, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы постдипломдық және қосымша кәсіптік білім беруді қамтитын білім беру бағдарламаларын іске асыру, резидентура арқылы ішкі медицина саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды, соның ішінде жақын және алыс шетелдерден келген мамандарды даярлау;
-Қоғам қызметінің негізгі бейіні бойынша республика өңірлерінің денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
-Қоғамның ғылыми-практикалық қызметіне заманауи ақпараттық және телемедициналық технологияларды енгізуге қатысу;
-АҚ Жарғысына сәйкес қызметтің басқа да түрлері.
ДК Тәуелсіз директорының кандидаттарына қойылатын талаптар
1) Кемінде 500 адамы бар ұйымда басқарушылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
2) Акционерлік қоғамдардың және тиісті саланың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы Корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін білуі.
Қоғамның ДК тәуелсіз директоры болып келесі тұлға сайлана алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлға;
2) осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылатын иәне оны ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында (осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) болған тұлға, осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғаларына қатысты аффилирленген тұлға болып табылатын тұлға;
3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғалары — ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылық байланыста болған және ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында осы тұлғалармен бағыныстылықта болған тұлға;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлға;
5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында оның өкілі болған тұлға;
6) осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және ДК-ге сайлау алдындағы үш жыл бойында осындай аудитке қатысқан тұлға.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуы қажет:
1) осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі (резюмесі);
3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
7) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес иәне (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;
8) осы хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесе, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымхаттарды) ұсына алады.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын конвертке салып, оған: «Түпнұсқа» деп белгі соғады.
Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып бекітіледі.
Ішкі және сыртқы конверттер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1 «ҚазҰМУ» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша «ҚазҰМУ» КеАҚ-на жолдануы;
2 «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу» және «29.06.2026 ж. 09.00 дейін ашуға болмайды» (конверттерді ашудың «ҚазҰМУ» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 050000 Алматы қ., Төле би көш., 94, ректорат корпусы, 227-кабинет (2-қабат), Корпоративтік дамыту басқармасы. Анықтама телефондары: 338-70-80 ішкі 71-97, комиссия хатшысы Федорова Екатерина Игоревна.


