«Медицина» мектебі бірінші курс студенттерін университет өмірімен таныстырды
2026 жылғы 1 қыркүйекте «Concordia» театрында бірінші курс студенттерімен арнайы кездесу өтті. Іс-шара 14:00–17:00 аралығында ұйымдастырылып, жаңа студенттерге университет өміріне бейімделуге қажетті маңызды ақпараттар ұсынылды.
Кездесу барысында:
- Медицина мектебінің құрылымы және «Медицина» білім беру бағдарламасы таныстырылды; университеттің цифрлық сервистері мен студенттің жеке кабинетін пайдалану тәртібі түсіндірілді;
- ғылыми кітапхананың қоры мен электрондық ресурстары таныстырылды;
- қауіпсіздік ережелері, ішкі тәртіп және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді;
- Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметтері, әскери есепке алу және өтініш беру тәртібі туралы ақпарат берілді; жатақхана, «Оңай» картасы, әлеуметтік және кеңес беру көмектері туралы айтылды;
- студенттік емханаға жүгіну және медициналық көмек алу тәртібі таныстырылды;
- кураторлар, студенттік ұйымдар мен еріктілер қозғалысы таныстырылды;
- бірінші курста күйзеліссіз оқу бойынша пайдалы кеңестер берілді;университет кампусы бойынша таныстыру квесті ұйымдастырылды;
- студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, кездесу естелік суретке түсумен қорытындыланды.
Бірінші курс — жаңа бастамалар мен үлкен мүмкіндіктердің бастауы!
Жаңа оқу жылында барлық бірінші курс студенттеріне сәттілік, жарқын студенттік жылдар және жоғары жетістіктер тілейміз!







