ҚазҰМУ студенттерін жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне үйретеді
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы ТЖД қызметкерлері ҚазҰМУ-да профилактикалық іс-шара өткізді, онда мамандар жастарды жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге үйрете отырып, алғашқы курстардың 900-ден астам студенттерімен кездесті.
Қазақстанның басқа өңірлерінен Алматыға келген студенттерге ерекше көңіл бөлінді. Олардың көпшілігі бұрын жер асты дүмпулеріне тап болмаған, сондықтан жастардың төтенше жағдайда қажетті білімі мен мінез-құлық дағдыларын алдын ала қалыптастыру маңызды.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері подполковник С.А. Баймухамбетова студенттерге «Дабыл чемоданын» дайындау, оның мазмұны мен мақсаты туралы айтып берді, сондай-ақ жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі 10 қадамын еске салды.






