«Қазақ ұлттық медицина университетінің хабаршысы» журналы DOAJ құрамына енгізілді
ҚазҰМУ журналы Directory of Open Access Journals (DOAJ) – ашық қолжетімді рецензияланатын ғылыми журналдардың халықаралық каталогына ресми түрде енгізілді.
DOAJ құрамына енгізілуі журналдың редакциялық саясаттың ашықтығына, рецензиялау үдерісіне және ғылыми жарияланымдардың қолжетімділігіне қойылатын халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды.
DOAJ базасында индекстелу журналдың халықаралық деңгейдегі көрінуін арттыруға, жарияланған материалдардың қолжетімділігін кеңейтуге және ҚазҰМУ авторларының ғылыми зерттеу нәтижелерін кеңінен таратуға ықпал етеді.
Редакциялық алқаны, авторларды және журналдың дамуына үлес қосқан барша азаматтарды осы маңызды жетістікпен құттықтаймыз!


