«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Академиялық жұмыс департаментінің басшысы- 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
– Жоғары білімінің болуы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы;
– Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Келесі құзыреттердің болуы:
– Мемлекеттік тілді және кең таралған шет тілдерінің бірін кәсіби деңгейде меңгеруі, лауазымдық міндеттерін орындау, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттармен жұмыс істеу дағдыларының болуы құпталады;
– Жоғары білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді (НҚА) білу;
– Стратегиялық және аналитикалық ойлау;
– Ұжымды басқару қабілеті;
– Іскерлік көшбасшылық;
– Тәуекелдерді басқару және жанжалдық жағдайларды шешу дағдылары;
– Сыни тұрғыдан ойлау және басқарушылық шешімдер қабылдау қабілеті;
– Іскерлік хат алмасу дағдылары;
– Эмоциялық интеллект;
– Кәсіби қоғамдастықпен қарым-қатынас орнату;
– Заманауи технологияларды білу;
– Өзіне деген сенімділік және табандылық.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7024 телефоны арқылы алуға болады.


