Career Time 2026: студенттерге кәсіби бағдар беруге бағытталған фестиваль
2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен ALT University базасында «Career Time 2026» жыл сайынғы кәсіби бағдар беру фестивалі өтті.
Фестивальге Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Атап айтқанда, Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бегимбетова Г. А., «Мейіргер ісі» кафедрасының лекторы Алимкулова М.Ю., ассистенті Аман Б. Ж., Коммуникативтік дағдылар кафедрасының ассистент-профессоры Құдайбергенова А. Ж. қатысты.
Фестиваль барысында оқытушылар Клиникалық психология, Менеджмент, Қоғамдық денсаулық, Медициналық-профилактикалық іс, Мейіргер ісі білім беру бағдарламалары бойынша ақпараттық-танымдық жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға аталған білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, кәсіби даярлық бағыттары, оқу мүмкіндіктері және болашақ мамандықтар туралы мәліметтер ұсынылды.
«Career Time 2026» фестивалі жастардың кәсіби бағдарын айқындауға, білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтуға және олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал ететін маңызды алаң болды.






