ҚазҰМУ-де Elsevier сарапшысы Сергей Варнавскийдің ғылыми жарияланымдардың болашағы мен жасанды интеллект мүмкіндіктеріне арналған шеберлік сабағы өтті
2026 жылғы 12 қазанда С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармация мектебінің Журнал клубы аясында Elsevier компаниясының Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірі бойынша Life Sciences департаментінің директоры, химия ғылымдарының кандидаты Сергей Варнавскийдің қатысуымен онлайн шеберлік сабағы өтті.
Іс-шараға Фармация мектебінің жас ғалымдары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты. Шеберлік сабағында ғылыми жарияланымдарды тарату және халықаралық дерекқорларда индекстеу тетіктері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Бірінші тақырып — «Ғылыми мақаланың кейінгі тағдыры: жарияланымдар әлемдік ғылыми жүйенің бір бөлігіне қалай айналады» аясында Сергей Варнавский ғылыми жарияланымның өмірлік цикліне шолу жасап, мақалаларды халықаралық наукометриялық дерекқорларда индекстеу қағидаттарына, ғылыми еңбектердің көріну деңгейіне, дәйексөз келтірілуіне және зерттеушілердің академиялық беделіне әсер ететін факторларға кеңінен тоқталды.
Шеберлік сабағының екінші тақырыбы — «Жасанды интеллекттің ғылыми әдебиетпен өзара әрекеттесуі: PDF құжаттарын талдаудағы шектеулер және оларды еңсеру жолдары» — ғылыми жарияланымдарды жасанды интеллект жүйелері арқылы өңдеу ерекшеліктеріне арналды. Спикер PDF құжаттарынан ақпарат алу қағидаттарын, ғылыми деректерді тану және түсіндіру кезінде туындайтын типтік қателерді қарастырып, жасанды интеллект құралдарының көмегімен алынған нәтижелерді сараптамалық тексерудің маңыздылығын атап өтті.
Өткізілген шеберлік сабағы қатысушылардың халықаралық ғылыми жарияланымдар жүйесінің жұмыс істеуі, зерттеу қызметін қолдаудың заманауи цифрлық құралдары және ғылыми жұмыста жасанды интеллектті пайдалану перспективалары туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Фармация мектебінің Журнал клубы зерттеушілік құзыреттерді дамытуға және ғылыми жарияланым мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды жалғастырып, халықаралық академиялық және ғылыми баспа саласының жетекші өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруда.






