ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА
Сіздерді «ФАРМАЦИЯ МЕН СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА» тақырыбындағы XV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция жұмысының жоспарланған бағыттары:
- Фармацевтикалық және стоматологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-экономикалық және реттеушілік мәселелері, дәрілік препараттар нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізу.
- Стоматологияның, клиникалық фармацияның, фармакологияның және клиникалық фармакологияның өзекті мәселелері.
- Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, парафармацевтикалық өнімдерді және космецевтикалық өнімдерді өндірудің заманауи технологиялары.
- Стоматологиядағы, денталдық имплантологиядағы және жақ-бет хирургиясындағы жаңа технологиялар.
- Дәрілік заттар мен биологиялық белсенді заттардың сапасын бақылау және стандарттау.
- Дәрілік заттарды әзірлеудің заманауи теориялық және практикалық негіздері: жаңа дәрілік заттарды іздеу кезеңдері және оларды әзірлеу үдерістері.
- Университеттердің заманауи тұжырымдамасы аясында фармацевтикалық және стоматологиялық салаларға мамандар даярлау.
- Фармацевтикалық және стоматологиялық ғылымда, білім беруде және бизнесте жасанды интеллектті қолдану.
Конференцияның ғылыми бағдарламасы келесі секциялардың жұмысын қамтиды:
1-секция. Фармация
2-секция. Стоматология
Өткізу күні: 2026 жылғы 27 қараша.
Пленарлық отырыстың басталуы: 09:00–12:00.
Секциялық отырыстардың басталуы: 14:00–18:00.
Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ, 7-корпус, 2-қабат, Академиктер залы.
Конференцияға қатысу түрлері:
- күндізгі қатысу (баяндама жасау және тезистерді жариялау);
- күндізгі қатысу (постерлік баяндама ұсыну және тезистерді жариялау);
- сырттай қатысу (тек тезистерді жариялау).
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Өткізу форматы: гибридті (күндізгі қатысу және онлайн бейнеконференция).
Конференцияның мақсаты – фармация және стоматология салаларындағы озық ғылыми идеялармен, кәсіби тәжірибемен және үздік практикалармен алмасу, заманауи ғылыми зерттеулер мен инновациялық әзірлемелердің нәтижелерін талқылау, ғылым жетістіктерін білім беру, өндірістік және клиникалық практикаға енгізуге ықпал ету, сондай-ақ халықаралық және пәнаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Конференция аясында фармацевтикалық және стоматологиялық салаларды цифрлық трансформациялау, ғылыми зерттеулерде, білім беруде және бизнесте жасанды интеллектті қолдану, дәрілік заттарды өндіру мен олардың сапасын бақылаудың заманауи технологияларын дамыту, стоматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, сондай-ақ фармацевтикалық және стоматологиялық салаларға мамандар даярлау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Конференцияға қатысушылар өздерінің ғылыми зерттеулері мен инновациялық әзірлемелерінің нәтижелерін ұсынуға, отандық және халықаралық кәсіби тәжірибемен алмасуға, фармацевтикалық және стоматологиялық қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға және одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік алады.
Конференция аясында пленарлық және секциялық отырыстар, ғылыми пікірталастар, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың баяндамалары, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, практикалық әзірлемелер мен инновациялық жобаларды ауызша және постерлік баяндамалар түрінде таныстыру жоспарланған.
Қатысудың түпкілікті нысанын келіп түскен өтінімдер мен материалдарды қарау нәтижелері бойынша ұйымдастыру комитеті айқындайды.
Қатысуға өтінімдер мен тезистерді ұсыну мерзімі
Қатысушыларды тіркеу және материалдарды қабылдау «Фармация» және «Стоматология» атты екі секция бойынша жүзеге асырылады.
Конференцияға қатысуға арналған өтінім онлайн-формада толтырылады, ал жариялауға арналған тезистер (1-қосымша) мен постерлік баяндамалардың электрондық нұсқалары (2-қосымша) келесі сілтеме арқылы жүктеледі: https://forms.gle/Tzh1neUGwDgRj4dg9.
Материалдарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 16 қараша.
Постерлік баяндамалардың баспа нұсқалары конференция өткізілетін күні ұсынылады.
Конференция өтетін жерге бару және қайту шығындарын қатысушылар өз қаражаты есебінен төлейді.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған материалдар қабылданбайды.
Ескерту: конференцияға қатысу қатысушылардың іссапар шығындарын өтеуді көздемейді.
(1-қосымша)
Тезисті рәсімдеу үлгісі
КӨПҚАБАТТЫ ПЛАСТИНАЛАРДЫ СОҢҒЫ ЭЛЕМЕНТТЕР ӘДІСІМЕН ЕСЕПТЕУ
Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Иванов И. И.,
фармация ғылымдарының докторы, профессор Петров О. Л.
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Түйіндеме
Түйін сөздер
Мәселенің өзектілігі
Зерттеудің мақсаты
Зерттеу материалдары мен әдістері
Нәтижелерді талқылау
Қорытындылар немесе қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Иванов А.В., Сидоров Г.А. Актуальные проблемы механизации АП // Сельский механизатор. – 2008. – Т. 1, № 1. – С.33-36.
(2-қосымша)
Постерлік жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
- Постердің жоғарғы бөлігінде жұмыстың атауы (бас әріптермен, қосымша ерекшелеусіз, үш жолдан аспайтын), авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, оқу курсы, факультеті), сондай-ақ ғылыми жетекші туралы мәліметтер (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, кафедрасы) көрсетіледі.
- Постерлік жұмыста мынадай бөлімдер болуы тиіс: зерттеудің мақсаты, зерттеу материалдары мен әдістері, практикалық бөлімнің қысқаша сипаттамасы және зерттеудің негізгі нәтижелері. Нәтижелер графиктер, кестелер, сызбалар, иллюстрациялар, диаграммалар және суреттер түрінде ұсынылуы мүмкін. Олардың әрқайсысының өлшемі А4 форматынан аспауы тиіс.
- Постер форматы – А0, тік бағытта (биіктігі – 1189 мм, ені – 841 мм).
- Қаріп өлшемі мәтінді кемінде 100 см қашықтықтан еркін оқуға мүмкіндік беруі тиіс.


