Халықаралық дәрігерлер күні
Жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісі күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық дәрігерлер күнін (International Doctor’s Day) атап өтеді. Бұл күн әлемдегі барлық дәрігерлердің белсенді әрекеті мен тілектестік күні ретінде саналады. Қай ұлттың дәрігері болмасын, оның басты мақсаты – пациенттердің денсаулығын сақтау және жақсарту болып табылатыны сөзсіз.
Осыған орай, барша дәрігерлерді және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұжымын Халықаралық дәрігерлер күнімен құттықтаймыз!
Мерекенің бастамашысы ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болып табылады. Әрине, бұл мереке күні лайықты құттықтаулар мен алғыс сөздер бірінші ретте аталмыш ұйымға болмақ. Дегенмен, бүгінде Гиппократ антын сақтап, мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсететін барлық дәрігерлік қауымдастығының өкілдері де ұмытылмайды. Адам өміріне араша түсетін абзал жандардың көлемді еңбектері, адамгершілік пен жанашырлық жолындағы қызметтері зор құрметке ие. Дәрігер – әлемдегі ең қасиетті мамандықтардың бірі. Дәрігерлік мамандық – жауапкершілікті, біліктілікті талап ететін жауапты қызмет. Себебі, дәрігерлік қызмет адамның бұл өмірдегі ең қымбат денсаулығы мен өмірін сақтауға байланысты.
Сіздердің ерең еңбектеріңіз шексіз, мәртебелеріңіз биік.
Мерекелеріңізбен!
Құрметпен, ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі.