«Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді даярлаудағы фармакологияның алар орны: қазіргі уақыттың сын-тегеуріндері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық конференция өтті
2016 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінде»» атты халықаралық конференция өтті, ENB, CoRSUM, Elsevier серіктестігінің қолдауымен фармакология кафедрасының қызметкерлері ұйымдастырды. Конференция жұмысында Қазақстан медициналық ЖОО-ның өкілдері (Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Түркстан, Шымкент), сондай-ақ Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті және дәрілік заттарды сараптаудың ұлттық орталығы атсалысты. Халықаралық сарапшылар ретінде фармакология мен дәрілік заттарды ұтымды қолдану саласындағы алдыңғы қатарлы ғалымдар мен мамандар сөз сөйледі: профессор David Woods (University of Otago, New Zealand), Duncan Enright (Managing Director EBN Health, UK), профессор Чеботаренко Н.А. (CoRSUM Дәрілік заттарды ұтымды қолдану бойынша Коалицияның атқарушы директоры),профессор Эдгарас Станкявичюс (Денсаулық туралы Ғылым университетінің фармакология және физиология Институтының директоры, Литва), профессор Зиганшина Л.Е. (Казань федералды университеті, Кокрейн Ресей, ЕвроХелт Тобы), профессор Тилекеева У.М. (Қырғыз медициналық академиясы, Бішкек).
Қазіргі кезде медицинаның қарқынды дамуы жағдайында науқастың жеке ерекшелігін ескере отырып, ем жүргізу негіздерін қамтитын нақты науқастардың дәрілік препараттарды ұтымды таңдауына мүмкіндік беретін білім іргетасын қалайтын фармакологияны оқыту, өзекті мәселеге айналды. Адекватты дәрілік ем жүргізу емдеудің тиімді емделуіне, аурудың созылмалы түрге ауысуының сиреуіне, белсенді, еңбекке қабілетті халықтың инвалидизация көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеледі. Көптеген зерттеулер көрсеткеніндей дәрігер тәжірибесінің қиындық тудыратын сұрақтары дәрілік препаратты таңдау, жасына сәйкес дұрыс мөлшерлеу, науқас күйіне сәйкес, бірге ілесіп жүретін ауруларының болуын ескеру. Препараттардың жанама әсерлері, әсерлесуі, жұптастырып қабылдау және т.б. ерекше мәнге ие. Осы сұрақтардың барлығы бойынша білім негізі базалық фармакология курсында қалыптасады. Сондықтан, фармакологияны оқытудың маңыздылығы, оны оқытудың әдістері мен білім беру бағдарламасын жетілдіру, заманауи талаптарды ескере отырып қарастыру қажеттігіарта түседі. ҚР ДСжӘДМ «2009-2015 жылдардың қорытындысы бойынша ҚР Денсаулықсақтау секторының технологияны беру мен институционалды ревормалар өткізу» жобасын жүзеге асыру туралы есебінде фармакология кафедрасының қызметкерлері қатысып, дипломнан кейінгі білім беру кезеңіндефармакология бағдарламасы қарастырылып, ұсынылды. Алайда, бакалавриат кезінде болашақ тәжірибелік дәрігерлерді дайындау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру маңызын жоғалтпайды.
Бұл бағдарламаның жұмыс барысында жинақталған тәжірибелерді және халықаралық сарапшылардың ұсыныстарымен ескеріп, білім беру бағдарламасын түсіну мен жоспарлаудағы бірыңғай бастамалар анықталды, білім беру үрдісін жетілдіру бойынша шешімдер қабылдау, әлемдік стандарттарға сәйкес және бәсекеге қабілетті сауатты, денсаулықсақтаудың медициналық және фармацевтикалық мамандарын дайындаудың әртүрлі деңгейінде фармакологияны тиімді оқыту бойынша әдістемелер енгізу талқыланды. Білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында және дәрілік заттардың барлық тобын қамтитын базалық фармакологияны оқытуға бөлінетін сағат көлемін арттыру қажеттігі көрсетілді. Конференция қатысушылары конференцияда қабылданған резолюцияның негізгі ережелерін анықтады.