ҚазҰМУ студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингіне қатысты
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 12 мамыр мен 30 қараша аралығында жоспарлы түрде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын оқытып үйрету жөніндегі «Әлемді өзгертетін идеялар» атты екікүндік семинар-тренингтер циклы 2016 жылдың 01-02 қараша күндері ҚазҰМУ-дың 10 студентіне өткізілді.
Семинар барысында университетіміздің студенттері Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлерінің екі күндік дәрісі арқылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» ұлт жоспарының әрбір бағытын жете түсініп, ой түйсігіне зерделеді.
Аталған семинар-тренинг біздің университетіміздің студенттерінің білім көкжиегін кеңейткені сөзсіз. Сондай-ақ, студенттеріміз әрбір қадамға жан-жақты талдау жүргізілген дәрістердің студент жастарға мазмұнды мағлұмат берілді.
Елбасы кітапханасына алғаш рет келіп, Мемлекет басшысының жан-жақтылығына, көрегендігіне тәнті болғандығын жасырмады. Сонымен қатар, семинар-тренингтің бағдарламасы аясындағы экскурсияда «Астана Опера»театрында, «ҚР Ұлттық мұражайында», «ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында» Елбасымыз қабылдаған заңдары, алыс және жақын шетел мемлекеттерінің сыйға тартқан медальдері, кітаптары және т.б. марапаттауларымен танысып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз қолымен көптеген құжаттарға түзету енгізген жұмыс күнделіктерінің, жазбаларының көшірмелерін оқып, Президентіміздің елімізге деген асқан жауапкершілігінің дәлелі деп білеміз.