ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің Даңқ Залында 17 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның ұйымдастыру жұмысына Жалпы медицина факультеті, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Жалпы білім беру департаманті және Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма ат салысты.
Жалпы медицина факультетінің декан орынбасары С.Х. Измайлова алғы сөз айтып, конференцияны ашып берді.
Конференция барысында Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., Ердәулет Берлібаев ел тарихына талдау жасап, конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Сонымен қатар,«Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыбек Шәмшитұлы қатысушы студенттерге Желтоқсан оқиғасын егжей-тегжейлі түсіндіріп оның маңыздылығын айтып өтті.
Желтоқсан оқиғасына қатысушы зейнеткер Жансая Сәбитоваөзінің басынан кешкен және сол кездегі жапа шеккен жастардың қиын сәттерін тебірене еске алды. Жансая апай кездесуге қатысып отырған студенттерге елде болып жатқан саясиэкономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерге бейжайлықпен қарамай, өз елін шын сүюге, патриоты болуға шақырды. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, конференцияның модераторы Ғ.Т.Рсалдина ғылыми-тәжірибелік конференцияны корытындылай келе, келген қонақтарға университет атынан рахмет айтып, естелік-сыйлықтар табыстады.
Конференция барысында студенттер келген қонақтарға сауалнама қойып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында университетіміздің студенттері өз өнерлерін ортаға салып, Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтады.