ҚазҰМУ-да өткен «Ұлтыңды сүйсең» атты шығармашылық кеш
Университетіміздің қалыптасқан дәстүрі бойынша елімізге танымал тұлғалармен, қоғам қайраткерлерімен, денсаулық сақтау үздік мамандарымен, ақын-жазушылармен жиі кездесу кештері өткізіліп тұрады. Соның айғағы, 2016 жылдың 19 қарашасында ҚазҰМУ «Concordia» театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Стоматология» факультеті және факультеттің Студенттік үкіметінің ұйымдастыруымен «Ұлтыңды сүйсең» атты Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын Серік Калиевпен шығармашылық кездесу кеші өткізілді. Ақын-жазушылар өз шығармалырында өмірдің шынайылығын, туған жерге деген сүйіспеншілікті,патриоттық сезімді оятып, адам жан дүниесінің толқыған сезімдерін жалпыға жеткізуші болып табылады. Серік Қалиевтың өлең жырларында да жоғарыда аталған тақырыптың барлығы қамтылған. Сонымен қатар жастарға мәдени-рухани тәрбие беру мақсатында студенттерді әдебиет, поэзия әлеміне тарту, Қазақстан ақын-жазушыларының шығармашылығымен таныстыру. Кездесуге арнайы келген қонақтарымыз айтыскер ақындар Балғынбек Имашев пен Айнур Тұрсынбаева суырып салма ақындық өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ шығармашылық кешке «Меломен» тобы да қатысып, студентер ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқыды.
Серік Қалиев өз өлеңдерін оқумен қатар, қызықты әңгімелерімен де көрермендермен бөлісті. Ақынның поэзиясы – сөздерінің қарапайымдылығымен, буынның ұйқастығымен және туған жерге деген махаббатымен баурап алды. Кездесу өте жылы поэзия атмосферасында өтті. Кеш барысында көрермен қауымы, студенттер ақынның жырларынан мол рухани байлық алып қайтты.