AD/PD™ 2026: Ғылым мен терапиядағы жетістіктер
2026 жылғы 17–21 наурыз аралығында Копенгагенде өткен AD/PD™ 2026 Альцгеймер және Паркинсон аурулары бойынша 20-шы халықаралық конференциясына 5000-нан астам сарапшы жиналып, емдеудің серпінді әдістерін, ерте диагностиканы және нейродегенерация механизмдерін талқылады. Негізгі тақырыптар жаңа терапиялық стратегияларды, клиникалық зерттеулер нәтижелерін және дербестендірілген тәсілді қамтыды.
AD/PD 2026-ның басты назарында жаңа буын терапиясын таныстыру, Паркинсон және Альцгеймер ауруларын емдеудің перспективалы әдістері туралы деректер, аурулардың патогенезі мен этиология механизмдеріне көңіл бөлу, сондай-ақ ерте анықтауға арналған биомаркерлерге басымдық беру болды.
Мерейтойлық бағдарлама аясында инновациялық экожүйені дамыту мен стартаптарды қолдауға ерекше мән берілді. Арнайы сессиялар мен питч-платформаларда жас компаниялар цифрлық диагностика, биомаркерлер, жасанды интеллект және дербестендірілген терапия саласындағы озық шешімдерін ұсынды.
AD/PD™ 2026 конференциясы аясында жасанды интеллект негізіндегі жүйелік биологиялық модельдеуді қолдана отырып терапияны жобалау және пациенттерді мониторинг жүргізілген III фазадағы клиникалық зерттеу нәтижелері ұсынылды:
Жасанды интеллект және метаболикалық терапия: Альцгеймер ауруы кезіндегі жаңа буын препаратының III фазалық зерттеу нәтижелері
Зерттеудегі жасанды интеллекттің рөлі:
• Дербестендірілген іріктеу (Precision Medicine): ЖИ-алгоритмдері мыңдаған пациенттердің метаболикалық профильдерін талдап, нейрондардың «энергетикалық тапшылығы» айқын топты анықтады, бұл топ терапияға ең жоғары жауап көрсетті.
• Нәтижелерді болжау: Сандық егіздерді (Digital Twins) қолдану біріктірілген метаболикалық активаторларды қабылдау аясында когнитивтік өзгерістер динамикасын 92% дәлдікпен болжауға мүмкіндік берді.
• Құрамды оңтайландыру: ЖИ төрт компоненттің (L-серин, никотинамид рибозиді, NAC және L-карнитин) нейроқабынуды басуға және митохондрияларды қалпына келтіруге бағытталған синергиясын растады.
Негізгі клиникалық деректер:
• Когнитивтік резерв: ЖИ көмегімен іріктелген пациенттерде ADAS-Cog шкаласы бойынша Альцгеймер ауруының үдеуінің 35%-ға баяулауы тіркелді.
• Метаболикалық жауап: «Үлкен деректерді» (Big Data) талдау зат алмасудың жүйелі жақсарғанын көрсетті, бұл сұр зат көлемінің сақталуымен (МРТ деректері бойынша) тікелей байланысты.
• Қауіпсіздік: Нақты уақыттағы ЖИ-мониторинг жасырын жанама әсерлерді анықтамады және препараттың жоғары қауіпсіздік профилін растады.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды Неврология кафедрасы меңгерушісі, ҚР ДСМ бас неврологы Туруспекова С.Т. таныстырып, екі баяндама жасады:
• «Dementia patient support: global best practices and challenges for Kazakhstan»
• «Digital health in primary care: bioethical study of older adults’ telemedicine readiness for future cognitive health applications»
Баяндамалар Неврология кафедрасы ұжымының бірлескен еңбегінің нәтижесі болды: профессор Нургужаев Е.С., қауымдастырылған профессорлар Нуржанова Р.Б., Цой Р.Т., профессор ассистенті Демесинова Б.К., ассистент Мамашаев Н.К., сондай-ақ Астана медицина университетінің әріптестері – неврология кафедрасының меңгерушісі Есжанова Л.Е., доцент Альжанова Д.С., ассистент Кожаканова С.Т., аутоиммундық орталықтың меңгерушісі, Астана қ. ҚДСБ бас неврологы Сыздыкова Б.Р.
Қазақстандық неврологтар деменциясы бар пациенттер мен олардың туыстарын қолдау ұйымдарының тиімділігіне әлемде және Қазақстанда салыстырмалы талдау нәтижелерін, сондай-ақ 50–84 жас аралығындағы ересектердің цифрлық сауаттылығын, гендерлік кедергілерін және телемедицинаға дайындығын бағалау нәтижелерін ұсынды.
Еліміздің делегациясы сондай-ақ Астана қаласындағы «University Medical Center» ішкі аурулар департаментінің әріптестерімен – профессор Куанова Л.Б. және резидент Бекболат У. арқылы ұсынылды. Олар бүйірлік амиотрофиялық склероз кезіндегі когнитивтік бұзылыстар бойынша зерттеу нәтижелерін және 1 типті нейрофиброматозы бар пациенттерді балалардан ересектерге көмек көрсетуге көшірудің тұжырымдамалық моделін таныстырды.
Конференция нейродегенеративті аурулар саласындағы ғылыми нәтижелермен алмасудың жетекші әлемдік алаңы мәртебесін тағы да растады.













