Alliance of Volunteers KazNMU еріктілері «Ана үйі» орталығына барды
ҚазҰМУ-дың білім алушылары, Alliance of Volunteers KazNMU еріктілер қозғалысының мүшелері, Жаңа жыл қарсаңында «Ана үйі» қайырымдылық орталығына («Дом мамы») барып, өмірдің қиын жағдайына тап болған аналарға материалдық көмек көрсетті.
Еріктілер отбасыларға сәбилерге арналған жөргектер, киімдер, ойыншықтар және балалар тағамын табыстады.
Студенттердің бастамасы мереке күндері ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін жандарға маңызды көмек болды.







