Alliance of Volunteers KazNMU әлеуметтік және қайырымдылық акциясына қатысты
2025 жылдың сәуір айында КазНМУ білім алушылары — Alliance of Volunteers KazNMU волонтерлік қозғалысының мүшелері — Ораза айы кезеңінде әлеуметтік және қайырымдылық акциясына қатысты.
Волонтерлер қала тұрғындарына қолдау көрсетіп, мұқтаж жандар мен қала көшелеріндегі азаматтарға ауызсу мен жеңіл тағамдар таратты. Бұл игі бастама қасиетті айда өзара көмек, мейірімділік және жанашырлық рухын нығайтуға бағытталды.











