«AMANAT» партиясында Коалиция мүшелеріне Мемлекет басшысының алғыс хаттары табысталды
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының қызметіне белсенді қатысқан азаматтарға Мемлекет басшысы атынан алғыс хаттар табысталды. Марапаттарды «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек тапсырды.
Жалпыұлттық коалиция жұмысы елдегі маңызды қоғамдық-саяси реформаларды ілгерілетуге бағытталған ауқымды бастамалардың бірі болды. Коалиция мүшелері референдум кезеңінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысып, азаматтардың қоғамдық өзгерістерге деген сенімін нығайтуға елеулі үлес қосты.
Дәулет Кәрібек өз сөзінде Коалиция мүшелерінің жоғары жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға және елдің тұрақты дамуына негіз қалайды.






