ANaMed Forum – New Generation 2025: Жаңа буынға жол ашқан форум
2025 жылдың 4–5 маусымы күндері Алматы қаласындағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында ANaMed Forum – New Generation 2025 атты халықаралық форум өтті. Университеттің 95 жылдық мерейтойына арналған бұл форум медицинадағы цифрлық трансформация мен ғылымның түрлі салаларын біріктірген ірі алаңға айналды. 20 елден келген 1700-ден астам қатысушы 14 ғылыми секция, 7 сателлиттік конференция аясында 1100-ден астам ғылыми тезис ұсынды.
Үздіктерге лайық құрмет
Форум аясында Жас ғалымдар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 14 секция мен 5 конференцияның қорытындысы бойынша ғылым мен клиникалық тәжірибеде озық жоба ұсынған 19 жас ғалым үздік деп танылды. Олар биомедицина, хирургия, ядролық медицина, әйелдер денсаулығы, неврология, урология, фармация және басқа да салалар бойынша тың бағыттар ұсынды.
ANaMed Forum – New Generation 2025 Жас ғалымдар байқауының лауреаттары:
- Охас Іңкәр Мырзаханқызы, ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының оқытушысы — «Биомедицина және жасанды интеллект: ғылымның жаңа көкжиегі»
- Айдәулет Бекарыс Ерланұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің магистранты — «Жасанды интеллект және жоғары білімдегі пәнаралық тәсіл»
- Баимбетов Раимбек Қайратұлы, Алматы қалалық кардиология орталығының дәрігері — «Клиникалық дайындықтағы оқыту технологиялары»
- Исаматов Бекжан Калибаевич — «Ядролық медицина: даму болашағы»
- Оспан Жамбыл Рысқұлұлы, ҚазҰМУ докторанты — «Хирургия және трансплантология: жаңа технологиялар мен болашағы»
- Кемел Ақмаржан, ҚазҰМУ акушерлік және гинекология кафедрасының резиденті — «Қазіргі заманғы сын-қатерлер кезеңіндегі акушерлік пен гинекология»
- Шумаков Игорь Евгеньевич, Ярослав мемлекеттік медицина университеті — «Болашақ неврологиясы»
- Бауыржан Уәлиханұлы, Жақсыбек Тоғжан және Максутова Гүлжайна, ҚазҰМУ — «Медициналық оңалту мен спорттық медицинадағы жасанды интеллект»
- Арбузова Елена Владимировна, Глобалдық қордың консультанты — «Туберкулезді диагностикалау мен емдеудегі инновациялық технологиялар»
- Турсунбаева Мира Сабирбековна, Халықаралық жоғары медицина мектебі — «Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін инфекциялар»
- Олжабек Арыстан, ҚазҰМУ резиденті — «Эндокринология мен нефрологиядағы интеллектуалдық шешімдер»
- Тлешев Мади Берікұлы, ҚазҰМУ — «Болашақ стоматологиясы»
- Джусупов Кенеш Оскенбаевич, Erasmus Plus бағдарламасының үйлестірушісі — «Орталық Азиядағы тамақтану және диетология бойынша білім мен ғылыми әлеуетті дамыту»
- Телман Әмірхан Қанапияұлы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы — Қазақстан урологтарының VI конгресіне қатысушы
- Рахимова Наргиз Ахметжановна, ҚазҰМУ — Фармация бойынша VII Халықаралық конференцияға қатысушы
- Алимухамедов Умид Рустамович, ҚазҰМУ — «Ақсай» орталығының 70 жылдығына арналған педиатрия конференциясына қатысушы
- Жұманов Шохан Жарылқасыпұлы, ҚазҰМУ докторанты — «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі қоғамдық денсаулық сақтау»
ANaMed AI Challenge: Жасанды интеллект және денсаулық
Форум аясында медицина саласындағы жасанды интеллектке негізделген шешімдерге арналған ANaMed AI Challenge хакатоны ұйымдастырылды. Жеңімпаздар қатарында студенттер, интерндер, дәрігерлер мен мектеп оқушылары бар. Олар жүктілерге арналған цифрлық мектеп, HER2 онкодиагностикасы, аллергияға арналған мобильді қосымша сынды ерекше жобалар ұсынды.
ANaMed AI Challenge жеңімпаздары:
- Карина Секенова, ҚазҰМУ халықаралық факультетінің 5 курс студенті — NeuroGuard AI
- Гаухар Дүненова, «Дади» клиникасының онкогинеколог-дәрігері — HER2 AI Lab
- Омарова Үкілі, Алматы қаласы №65 мектептің 10-сынып оқушысы — Soile AI
- Ерден Сурағанов, ҚазҰМУ 6 курс интерні — NutriSteppe-Ai Mobile
- Сабина Байтемир, «FAB dev» ЖШС жетекшісі — FaceBody Analytics (FAB)
- Сабира Күлшімбаева, ҚазҰМУ доценті — Di-Ana, Орталық Азия әйелдеріне арналған цифрлық мектеп
- Сергей Швец, ҚазҰМУ фармация мектебінің магистранты — 3D-баспа зертханасыАлуа Әбдіқадырова, ҚазҰМУ халықаралық факультетінің 5 курс студенті — AllerGuard
- Тимур Фазылов, ҚазҰМУ 3 курс докторанты — Smart Baby Cardiography
Ғылым мен технологияға инвестиция — болашаққа жол
Форум аясында ҚазҰМУ мен «Ғылым қоры» АҚ бірлесіп, клиникалық тәжірибеде қолдануға және нарыққа шығаруға әлеуеті жоғары жобаларды ілгерілетуге бағытталған Технологияларды коммерцияландыру реакторын іске қосты.
ANaMed Forum – New Generation 2025 Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылым, білім және цифрлық технологиялар саласындағы көшбасшылық орнын тағы да дәлелдеді. Бұл – ғылым мен болашаққа салынған сенімді инвестиция.