ANaMed Forum – New Generation 2025: ҚазҰМУ медициналық жасанды интеллектке арналған ең ірі форум өткізді
2025 жылғы 4–5 маусым күндері Алматыда Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қабырғасында медицина, ғылым және білім саласындағы жылдың басты оқиғасына айналған ANaMed Forum – New Generation 2025 өтті. Форумға әлемнің 20 елінен 1 500-ден астам қатысушы жиналды.
95 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан ҚазҰМУ үшін бұл форум — қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің трансформациясындағы көшбасшылықтың көрінісі. Бүгінде ҚазҰМУ — ел дәрігерлерінің үштен бірінің alma mater ғана емес, сонымен қатар медицинаға, білім мен ғылымға жасанды интеллектті енгізудің алдыңғы шебінде тұрған жетекші орталық.
Болашақтың медицинасы дәл осы жерден басталады.
Форумның басты тақырыбы — жасанды интеллекттің денсаулық сақтау саласына интеграциясы: диагностика мен дербестендірілген терапиядан бастап, телемедицина, цифрлық білім беру және клиникалық мәліметтерді басқаруға дейін.
Қатысушылар ондаған технологиялық шешім ұсынды — XXI ғасыр дәрігерінің сенімді серігіне айналған Жасанды Интеллекттің нақты мүмкіндіктерін көрсетті.
Форумның ашылуында ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов:
«Мерейтойлық жылда біз ерекше мақтан етеміз. ҚазҰМУ — цифрлық, адами әрі технологиялық тұрғыда жаңа буын дәрігерлерін тәрбиелейтін алаңға айналды».
Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҚазҰМУ-ды 95 жылдығымен құттықтап, форумның ел медицинасындағы стратегиялық маңызын атап өтті.
Форум бағдарламасы — кең ауқым, технология, инвестиция:
- Медицинадағы 14 негізгі бағыт бойынша ғылыми секциялар
• Жүлде қоры 5 млн теңгеге дейін жеткен AI-хакатон ANaMed AI Challenge
• Жас ғалымдар байқауы және KazNMU Endowment стипендиялары
• Стартаптардың питчингі және Демо-күн
• Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Санжар Асфендияров» пьесасының премьерасы
Ғылыми секциялар: биомедицина, цифрлық хирургия, оңалту, эндокринология, гинекология, неврология, ядролық және дербестендірілген медицина, туберкулез, стоматология мен репродуктивті денсаулық.
ANaMed AI Challenge —Нейрожелілер дәрігер қызметінде
Халықаралық деңгейдегі AI-хакатон ерекше назарға ие болды. Финалистер ақпаннан мамырға дейін іріктеу мен акселерациядан өтті. Үздік командалар 5 млн теңгеге дейін қаржыландыруға ие болды. Тақырыптар: ИИ-диагностика, цифрлық терапия, медициналық аналитика, телемедицина, пациентке бағытталған шешімдер.
Құрмет пен марапат:
Салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің ғылымы, білімі мен денсаулығына үлес қосқан үздік оқытушылар, зерттеушілер мен медицина қызметкерлеріне «Алтын ұстаз» және «Алтын шипагер» құрметті марапаттары табысталды.
Технологиядан нарыққа
5 маусымда форум аясында медициналық және фармацевтикалық жобаларға арналған диалог алаңы өтті. Қазақстанның ЖОО және ғылыми институттары ұсынған 8 жоба 350 млн теңгеге дейінгі мүмкін қаржыландыруға ие бола алады (қолдау көрсетуші – ҚР Ғылым қоры).
Ұсынылған жобалар:
- Neo Milk — қант диабетімен ауыратындарға арналған нутрицевтик
• A-Skin — тері ауруларына арналған мобильді қосымша
• KazDiagnost — бастапқы диагностикаға арналған цифрлық бағдарлама
• Табиғи фитопродукциялар: олеогель, пробиотиктер, косметика және функционалды өнімдер
Питчинг форматында командалар өз идеяларын инвесторлар мен сарапшылар алдында таныстырды. Қатысушылар кері байланысты СК-Фармация, QazBioPharm, FutureMed Ventures, Еуразиялық медициналық қауымдастық және басқа серіктестерден алды.
ҚазҰМУ бүгінде — сандар мен жетістіктер:
- QS WUR 2025 рейтингі бойынша әлемнің ТОП-1000 университеті қатарында
• 16 000 студент, оның ішінде 3 000-нан астам шетелдік
• 85 білім беру бағдарламасы, 167 клиникалық база, 99% түлектер жұмыспен қамтылған
• Заманауи Симуляциялық орталық, Технопарк және Эндаумент-қор
• Scopus базасында жарияланған 17 000+ мақала, жылдық 353 сілтеме
ANaMed Forum – New Generation 2025 — жай ғана іс-шара емес, Қазақстандағы медициналық білім мен ғылымның жаңа дәуіріне бастау.
Мұнда идеялар туады. Стартаптар дамиды. Болашақ дәрігерлердің моделі қалыптасады.
Жасанды интеллект — енді теория емес, клиникалық тәжірибе.
Болашақтың медицинасы осы жерде басталады. ҚазҰМУ-да.