Atsumasa Komori профессор визитингінің дәрісі мен шеберлік сабақтары өтеді
2016 жылдың 18 мен 25 қараша аралығында ҚазҰМУ-ға құрметті профессор Atsumasa Komori M.D., PhD (Clinical Research Center, NHO Nagasaki Medical Center, Nagasaki University Graduate School of Biomedical Sciences, Japan) шақырылды. A.Komori созылмалы аутоиммунды бауыр аурулары, созылмалы вирусты гепатит, бауыр ісігі диагностикасы мен емдеу саласында танылған маман иесі болып табылады.
A.Komori келген кезде университет әкімшілігі мен «Ішкі аурулар» клиникасында КазҰМУ және Nagasaki Medical Center–де ынтымақтастық бағытында білім беру, ғылыми, клиникалық жұмыстары талқыланады.
Бағдарлама жоспарында клиникалық кафедра қызметкерлері мен гастроэнтеролог дәрігерлері арасында: 22 қараша айында ҚазҰМУ-нің «Ішкі аурулар» клиника базасында «Алкогольды емес, майлы бауыр аурулары: мультидисциплинарлы жағдай. Диагностика критерийлері, мониторинг және науқастарды емдеу»; 24 қараша айында №1 ҚКА базасында «Аутоиммунды бауыр аурулары– науқастарды жүргізудің заманауи менеджменті» жөнінде дөңгелек үстел өткізіледі.
Интерндермен созылмалы вирусты гепатиттерді емдеудің заманауи әдістері және бауыр циррозы мен оның асқынуы-гепатоцеллюлярлы карциномасы бар науқастарды жүргізу бойынша интерактивті семинар өткізіледі.
Бірлескен ғылыми зерттеу қызметі бойынша жауапты орындаушыларымен «ҚР халқының денсаулығын жақсарту негізінде медицина технологияларын қолдану» және «Созылмалы диффузды бауыр аурулары диагностикасында ғылыми негізделген жоба» ғылыми-зерттеу жоба бойынша кеңес жүргізіледі. Сондай-ақ, бауыр аурулары диагностикасы кезінде лабораторлы әдіс спектрін кеңейту мүмкіндігін талқылау мақсатында ғылыми клиникалық-диагностикалық кездесу жоспарланады.
Ішкі аурулар клиника базасында бауырдың ауыр және диагностикасы белгісіз науқастарға нақтылау мақсатында кеңес өткізілді.
Оқытушылар мен студенттер барлық жоспар бойынша жүргізілетін шараларға шақырылады.
Atsumasa Komori M.D. PhD. профессор визитингінің ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ