«B085-Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері академиялық ұтқырлық аясында аналитикалық токсикология бойынша өндірістік тәжірибеден өтті
2025 жылдың 17–28 қараша аралығында «B085-Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысып, «Аналитикалық токсикология» (2 ECTS) пәні бойынша өндірістік тәжірибені тәжірибені «Астана медицина университеті» КеАҚ және Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК базаларында сәтті өтті.
Тәжірибе барысында студенттер заманауи аналитикалық токсикология әдістерімен, диагностикалық токсикологиялық зерттеулермен танысып, уытты заттарды сәйкестендіру принциптерін меңгерді. Сонымен қатар, олар жаңа үлгідегі аналитикалық құрылғылармен және зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды. Практикалық сабақтар кафедраның тәжірибелі оқытушылары мен мамандарының жетекшілігімен жүргізіліп, қатысушыларға болашақ фармацевтикалық қызметте қажет кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді.
Оқу-тәжірибелік бөліктен бөлек, академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің көзқарасын кеңейтіп, жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға және фармация саласында тәжірибе алмасуға ықпал етті. Қатысушылар тәжірибенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, бағдарламаның мазмұндылығын және қабылдаушы мекемелердің қолайлы білім беру ортасын атап өтті.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының іске асырылуы болашақ фармацевтика мамандарын даярлау сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.








