Demoday алғашқы медициналық стартап бизнес-инкубаторында көрсетілген жобалар
Орталық Азиядағы жоғары қажеттілігі барбалаларды оңалту орталығы
Стартап жоғары қажеттілігі барбалаларға арналған түзету кабинеттерінің, орталықтарының, балабақшалардыңтапшылығы мәселесін шешеді. Бірінші кезеңдеАлматыда аутизм спектрі бұзылған балаларды кешенді оңалту орталығын құру жоспарлануда. Бір ғана Алматының өзінде мұқтаж жандардың саны 100 мың адамға дейін жетеді.
Талдау деректеріне сәйкес қамқоршылардың мұндай балаларды оңалтуға шығыны айына 450 мың теңгеге дейін жетеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша бүгінде Қазақстанда 6 485 507 бала тұрады. Оның 51,5 % ұлдар, 48,5 % қыздар. Оның ішінде 1 626 376 бала аутизм спектрінің бұзылуымен ауырады.
Топ мүшелерімен «Дыбыстарды жылдам әрі тез, нəтижелі қоюдың тиімді жолдары» ISBN 978-601-7223-73-9, «Мен ойлаймын! Мен түсінемін! Мен сөйлеймін»! ISBN 978-601-211-432-4,ол 7 жыл бойы сынақтан өтіп, ерекше балалардың даму динамикасында оң нәтиже көрсетті,бұл Алматы және Талғар қалаларында алғашқы түзету кабинеттерін ашу қызметін атқарды.
Енді іс жүзінде жүзеге асыру жоспарлануда.Бірінші кезеңге 34 миллион теңгеге дейін қаражат қажет, бұл қаражат жалға алу, зертханалық жиһаз, құрал-жабдық сатып алу және маркетингке жұмсалады.Стартап командасының құрамы Тахмина Пайзиева, Әйгерім Сәрсенбаева және Шынар Рыспекова.
Күміс нанобөлшектері бар бактерицидтік био-кешен негізіндегі тері ауруларын емдеуге арналған емдік және косметикалық өнім
Бұл Cтартап қатысушылары күміс нанобөлшектері бар тері ауруларын емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты.Биоөнім өсімдік сығындысы негізінде жасалған, өзіндік құны 3 мың теңгені құрайды.
Бизнес-инкубаторды ұйымдастырушылардың, спикерлердің, трекерлердің және сарапшылардың көмегімен бизнес-модель, бәсекелестер, мақсатты аудитория, бірлік экономикасы, маркетинг, сату және инвестициялар туралы білім игерілді.Сондай-ақ зертханалық сынамалар алынып, серіктес (топ) тауып, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу үшін құжаттар дайындалуда.Стартап командасы:Әсем Қалиева мен Акерке Амирханова.
Аутизмі бар балаларға арналған дұрыс тамақтану боксы
Стартап аутизмі бар баланың дұрыс тамақтануы туралы білмеу, дұрыс, теңдестірілген өнімді таңдамау және бос уақыттың жетіспеушілігі сынды аутизм спектрі бұзылған балалардың ата-аналарының мәселелерін шешеді.
Шешім ретінде аутизмі бар балаларға арнайы мәзір ұсынылады. Түскі ас қораптары ASD бар баланың тағамдық ерекшеліктерін ескеретін теңдестірілген тағамдар береді.
Қазіргі уақытта аутизм спектрінің бұзылыстары (ASD) бар балалар санының өсу тенденциясы айқын байқалады.Бүгінгі таңда ASD белгілері планетаның әрбір жүзінші тұрғынында кездеседі.Глютен мен казеин организм үшін маңызды ақуыздар болып табылады, бірақ ASD бар науқастарда олар асқазан-ішек жолында толығымен ыдырамайды және дене бұл ақуыздарды жалған опиаттәрізді химиялық заттар ретінде өңдейді.Және бұл табиғи даму процестерінің тежелуіне әкелетін тұрақты интоксикацияға әкеледі.
ҚазҰМУ бизнес-инкубаторында стартапшыларға проблемалық сұхбат жүргізуге, веб-сайт құруға, тұтынушыларға арналған алғашқы ланч-бокстарды жинауға және авторлық куәлік алуға көмектеcеді.Бастапқы кезеңде бөлмені жалға алуға, тауарларды, орауыш материалдарын сатып алуға және маркетингке (2-5 млн. теңге) инвестиция қажет.
Стартап командасы: Дельмира Абдукаликова, Гүлжан Ермұханова және Жәмиля Еркібаева.
InnoStyle
InnoStyle стартапы жүкті әйелдерге арналған киімдер әзірлеумен айналысады. Жүкті әйелдерге арналған киімді таңдау барысында ыңғайсыздық, қозғалысты шектеу және ұрыққа теріс әсер ету сияқты мәселелер туындауы мүмкін.Сондай-ақ, киім үлгісі ескірген әрі нәресте туылғаннанкейін жарамсыз болып қалуы ықтимал.
Шешім ретінде жүкті әйелдерге арналған киім тігуұсынылады, ол ұрықтың денсаулығына зиян келтірмейді және трансформациялануына байланысты жүктіліктен кейін өзектілігін жоғалтпайды.Жүктілерге арналған киім жайлылық, ыңғайлылық және стильдік үйлесім ұсынады, бұл оны жүктілік кезінде көптеген әйелдер үшін қолайлы етеді. Бактерияға қарсы қорғаныс тоқыма бұйымдарындағы иіс болдырмауға көмектеседі және дененің жағымсыз иісін тудыратын бактериялардың көбеюін азайтады.
Инкубаторстартапқа бәсекелестерін талдауға, тұтынушылармен сауалнама жүргізуге, веб-сайт құруға және тігіншімен келіссөздер жүргізуге көмектесті. Патент алып, цех ашу жоспарда бар.
Бірінші кезеңде жүкті әйелдерге арналған киім-трансформатор өндіру үшін 11 миллион теңге көлемінде инвестиция қажет.Қаражат құрал-жабдықтар мен маркетингке жұмсалады.Стартапты әзірлеуші Гүлназа Тайырқызы.
«Дәруменді нектар» – бүкіл отбасы үшін пайдалы сусын
Стартап тұтынушыларға дәруменді нектарұсынады – салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарға арналған сусын.Табиғи ингредиенттерге негізделген табиғи дәмі мен жемісті хош иісі барсусын, ол тағамдық қоспа ретінде қабылданбайды, дегенмен қажетті дәрумендер бар сусын.
Тек табиғи ингредиенттерге негізделгенсұйықтық түрінде ұсынылған және Қазақстан аумағындатұратын адамдардың тағамдық тапшылығына бағдарланған тағамдық қоспа.
ҚазҰМУ бизнес-инкубаторында стартапшыларға мақсатты аудиторияны зерттеуге, қаржылық жоспар құруға, бәсекелестерге талдау жүргізуге, прототипті жасауға, кері байланыс алуға, тұтынушыларды зерттеуге көмектесті.Стартап өзінің алғашқы сатылымдарын жасап үлгерді.
Бірінші кезеңде 15,7 миллион теңге көлемінде инвестиция қажет. Стартапкомандасы:Ғалия Саляхова, Карина Сабирова, Манас Өмірзақовжәне Руслан Сабиров.
Киноклуб
«Kinclub» стартапы жалғыздық пен жұмыстаншаршау сынды психологиялық мәселелерді шешуге арналған.Шешім ретінде киноклуб форматындағы кинотерапия ұсынылады.
Бизнес-инкубаторда стартапшыларға ҚазҰМУ студенттері мен интерндерінің қатысуымен 5 киноклуб өткізуге көмектесті, оған 100-ден астам адам қатысты.Сондай-ақ, стартапшыларға бизнес саласында кәсіби білім беріліп, MVP құруға көмектесті.
Әзірлеушілер 6 ай кейін фильмдер банкін құруды жоспарлап отыр. Арнайы орын жалға алу, жабдық сатып алу, веб-сайт құру және жарнаманы іске қосу үшін қаражат қажет. Стартап командасы: Балнұр Балтабаева, Гүлмира Нашкенова және Айгүл Нашкенова.
Youmlax
Youmlax – білім беру бағдарламаларын әзірлеуге көмектесетін стартап.Бұл қызметкерлергежаңа дағдыларды жұмысын тоқтатпай, жылдам үйретуді қажет ететін компанияларға арналған. Мәселен, олар компаниядағы жаңа лауазымға ауысу барысына қолданылады.
Қызметкерлерді оқытуға арналған жүйе microlearning форматында әзірленген.Оның көмегімен кірістірілген тапсырмалар, сұрақтар мен тесттерден тұратын 15 минутқа дейінгі бейне сабақтар жасалады.Сондай-ақ күнделікті тапсырмаларды орындау үшін бонустарды есептеу жүйесі қарастырылған.Оқыту қызметкерлерді негізгі жұмысынан алшақтатпайды.Оқу бағдарламалары небәрі 2 минутта жасалады: сөйлеу және анимация синтезі және білім мен есте сақтауды тексеруге арналған квесттер мен флэш-карталарды оңай генерациясы бар.
Инкубатор стартапқа проблемалық сұхбат жүргізуге, Pivot жүргізуге және корпоративтік оқыту нарығын талдауға көмектесті. Стартаптың авторы: Минара Ананьина.
Alignwise
Бұл стартап Қазақстанда элайнерлер өндірісін жолға қоймақ.Қазіргі уақытта стоматологиялық клиникалардың көптеген клиенттері АҚШ-тан жеткізілімдерді 4 аптадан астам күтуге мәжбүр. 2,5 есеге дейін әр науқасқа жаңа емдеу жоспарын жасау қажет.
Alignwise шешімі элайнерлерді тікелей басып шығаруды ұсынады.Қазақстанда жасалған құралдар AI көмегімен жасалады және стоматологиялық клиникаларда шығарылуы мүмкін.Қазақстан нарығының көлемі 3,3 миллион долларға дейін жетуі мүмкін.Стартап негізін қалаушы: Ерасыл Болатов.
INNOV-медициналық қызметкерлерді оқыту орталығы
Мұнда мамандар Soft skillsдәрігерлердің дөрекі қарым-қатынасы және пациенттерге немқұрайлы қарауға байланысты шағымдар сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін коммуникациялық дағдыларды үйретеді.
Сонымен қатар, мамандарға медициналық ұйымның имиджін жақсарту, ішкі коммуникацияларды орнату және медициналық күйзеліспен күресу үйретіледі.
ҚазҰМУ инкубаторында стартапқа мамандарды тартуға көмектесіп, гинекологиялық емханада оқыту мүмкіндігін берді. Стартаптар онлайн курстар құрып, тренерлер тартуды жоспарлап отыр.
Стартап командасы: Айман Самиева, Айсена Самиева, Анастасия Брежнева және Лейла Рафаэльевна.