ERASMUS+ (KA171-2023-2025) бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын іске асыру
Оқытушылардың ERASMUS+ (KA171-2023–2025) бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлығы «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен Люблин медицина универсиетіті (Польша) арасындағы екіжақты серіктестік жөніндегі келісімнің негізінде жүзеге асырылады.
Академиялық ұтқырлықтың мақсаты эталонды әдістерді қолдана отырып табиғи өнімдердің бактерияға және саңырауқұлаққа қарсы белсенділігін скринингтеу кезінде микробиология саласындағы біліммен алмасу. Сонымен қатар, ҚазҰМУ мен Люблин медицина университеті арасында бірлескен жаңа жобаларды дайындау бойынша серіктестікіті жалғастыру, серіктес-университеттер арасындағы өзара ғылыми іс-қимыл шеңберінде кафедралар және зертханалармен пәнаралық байланыстарды дамыту қарастырылған.
21.07-нен 26.07.2025 аралығында Erasmus+ (KA171 2023–2025) академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жоспарланған:
- дөңгелек үстел,
- оқыту семинары: «Стоматологияға арналған дәрілік заттарды жасау үшін өсімдік субстанцияларының микробқа қарсы белсенділігін зерттеу»,
- перспективті дәрілік өсімдіктерді жинау бойынша ғылыми экспедиция.
Зерттеудің песрпективті объектілері – дәрілік өсімдіктер және келесі түрлерден алынған өсімдік субстанциялары: Dracocephalum, Seseli, Ajania fruticulosa (Ledeb.) Poljak, Rheum cordatum, Hedysarum semenowii Regel & Herder.
Результатом реализации академической мобильности Erasmus+ (KA171 2023–2025) Programme based on agreements between Medical University of Lublin and KazNMU for staff mobility (training) академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру нәтижесі сәйкес келетін сертификаттарды (36 сағат) бере отырып, Бағдарлама іс-шараларын сәтті меңгеру болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру халықаралық ғылыми кооперацияның дамуына, мамандарды дайындаудағы алдыңғы қатарлы білім беру бағдарламаларын және тәжірибеге бағытталған тәсілдерді енгізуге, сонымен қатар академиялық ғылым, клиникалық тәжірибе және фармацевтикалық бизнес арасындағы қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізеді.
Medical University of Lublin (Польша) және ҚазҰМУ Фармация мектебі мен ортодонтия кафедрасы арасындағы серіктестіктің перспективалары
Erasmus+ (KA171 2023–2025) бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлықтың дамуы Люблин қ. (Польша) Медицина университеті және ҚазҰМУ Фармация мектебі мен ортодонтия кафедрасы арасындағы тұрақты және ұзақ мерзімді серіктестіктің берік негізін жасайды.
- Бірлескен ғылыми зерттеулер:
- Дәрілік өсімдіктердің микробқа қарсы потенциалын зерттеу;
- Олардың негізінде өсімдік субстанцияларын және дәрілік заттарды жасау.
- Пәнаралық серіктестік:
- Фармакогнозия, фундаментальды микробиология, клиникалық ортодонтия және фармацевтикалық технология араасындағы байланысты нығайту;
- Екі жақтың зертханаларының және зерттеу топтарының қатысуымен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру.
- Білім беру тәжірибелерімен алмасу:
- Мастер-кластар, дөңгелек үстелдер және оқытушылардың, жас ғалымдардың, PhD-докторанттардың, магистранттардың, студенттердің қатысуымен оқыту семинарларын өткізу;
- Заманауи білім беру әдістемелерін, симуляциялық тренингтерді және дәлелді медицинаның элементтерін енгізу.
- Бірлескен ғылыми жарияланымдар мен жоба өтініштерін жасау:
- Бірлескен зерттеулер қорытындысы бойынша халықаралық журналдарға ғылыми мақалаларды дайындау;
- Халықаралық ғылыми гранттар байқауларына қатысу үшін жоба өтінімдерін әзірлеу (NAWA, Erasmus+ және басқалары).
- Зерттеу инфрақұрылымын және білім трансферын қалыптастыру:
- Зертханалық зерттеулерді ұйымдастырудағы, биоактивті заттар скринингіндегі және әдістерді стандартизациялаудағы тәжзірибемен алмасу;
- Фармацевтикалық компаниялармен қарым-қатынас арқылы ғылыми әзірлемелерді коммерциализациялауға көмектесу.