FH JOANNEUM Қолданбалы ғылымдар университетіндегі академиялық ұтқырлық (Грац қ., Австрия)
2025 жылғы 15–21 желтоқсан аралығында академик Т. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, Беисбекова Арайлым Қайратқызы, Австрияның Грац қаласындағы FH JOANNEUM Қолданбалы ғылымдар университетінің Диетология және нутрициология институты базасында академиялық ұтқырлық бағдарламасынан сәтті өтті.
Академиялық ұтқырлық Erasmus+ / BERNICA («Building Educational and Research Capacities in Nutrition and Dietetics in Central Asia») бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жобаның үйлестірушісі — медицина ғылымдарының докторы, профессор Тогузбаева Карлыгаш Кабдешевна.
Академиялық ұтқырлық барысында нутрициология және диетология саласындағы мамандарды даярлаудың заманауи еуропалық тәсілдері, ғылыми зерттеулерді білім беру үдерісіне интеграциялау мәселелері, сондай-ақ тамақтану және қоғамдық денсаулық саласындағы пәнаралық өзара іс-қимыл тәжірибелері зерделенді. Сонымен қатар тамақтану мәселелеріне арналған дәрістер оқылып, практикалық бағыттағы шеберлік сабақтары өткізілді.
Аталған академиялық ұтқырлық халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті дамытуға, сондай-ақ тамақтану және диетология саласындағы мамандарды даярлау үдерісіне озық шетелдік тәжірибені енгізуге ықпал етеді.








