«G-GLOBAL – ЕХРО – 2017» қолдауға арналған «Бүгінгі жастардың дұрыс тамақтану мәселелері» атты онлайн конференциясы
«G-GLOBAL – ЕХРО – 2017» қолдауға арналған «Бүгінгі жастардың дұрыс тамақтану мәселелері» атты онлайн конференциясы
2016 жылдың 11ақпан күні сағат 15.00-де ҚазҰМУ бас ғимаратының «Кіші кнференц залында»СӘМҚДД-нің ұйымдастыруымен және ҚазҰМУ «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі– М.С.Қайнарбаеваның,«Альма Матер» лидерлік дебат клубының қатысуымен «G-GLOBAL – ЕХРО – 2017» қолдауға арналған «Бүгінгі жастардың дұрыс тамақтану мәселелері»аттыжоо арасындаонлайн конференция өткізілді.
G-global коммуникативтік алаңында өткізілген «Бүгінгі жастардың дұрыс тамақтану мәселелері» атты онлайн конференцияның мақсаты – медициналық оқу орындарының студенттері арасындағы байланысты арттыру, онлайн пікір-сайыс, конференциялар өткізу арқылы жастардың комуникативтік дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтына дәріптеу болатын.
Онлайн конференцияда «Бүгінгі жастардың дұрыс тамақтану мәселелері» туралы пікірлер және болашақта қолданысқа енетін бағдарламалар, дұрыс тамақтанбағаннан туындайтын аурулар, семіздіктің алдын-алу, туралы талқыланды. Атап айтатын болсақ: дұрыс тамақтану, фасфуд өнімдерімен тамақтанғаннан туындайтын аурулар туралы үш тілде ақпараттар беріліп, Семей мемлекеттік медицина университетінің және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика Академиясының студенттері, оқытушылары пікір алмасты.