«HIV Infection – АИТВ туралы ақпараттық веб-сайт»
Білім беру үдерісінің сапасын арттыру және цифрлық білім беру ресурстарын дамыту аясында «HIV Infection / АИТВ туралы ақпараттық веб-сайт» авторлық құқық объектісі ретінде ресми тіркелді. Аталған ресурс Қазақстан Республикасының авторлық құқықпен қорғалатын объектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, тиісті куәлікпен расталды.
Бұл веб-сайттың зияткерлік меншік объектісі ретінде тіркелуі білім беру платформасын дамытудағы маңызды кезең болып табылады және оның бірегейлігін, ғылыми негізділігін және практикалық маңыздылығын дәлелдейді. Сайт мазмұны медициналық білім берудің заманауи талаптарын ескере отырып әзірленген және студенттердің ВИЧ-инфекциясы, эпидемиология, алдын алу және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша жүйелі білімін қалыптастыруға бағытталған.
Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 3-курс студенттері — Нұрқаим Амина және Орынбас Елдана — осы веб-сайтты әзірлеп, оны ресми түрде тіркеді. Жобаның ғылыми жетекшілері ретінде Бейсенбинова Ж.Б. және Нугуманова Г.С. қызмет атқарды. Аталған жоба студенттердің цифрлық және зерттеу дағдыларын дамытуға және студенттік бастамалардың қоғамдық денсаулық сақтау саласында нақты қолданылуын көрсетуге мүмкіндік береді.
Веб-сайтты жасау және ресми түрде тану келесі нәтижелерге ықпал етеді:
- ғылыми-зерттеу және жобалық қызметке қызығушылықты арттыру;
- цифрлық және кәсіби құзыреттерді дамыту;
- студенттерді заманауи білім беру технологияларын қолдануға ынталандыру.
Студенттер үшін бұл жоба оқу және ғылыми бастамалардың нақты қолданбалы өнім ретінде жүзеге асырылуының айқын үлгісі болып табылады. Ол кәсіби даму, академиялық ұтқырлық және инновациялық білім беру шешімдерін жасауға қатысу мүмкіндіктерін көрсетеді.





