I Халықаралық фармацевтикалық технология пәндік олимпиадасы «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттері үшін
2025 жылғы 14 мамырда С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтикалық технология кафедрасының базасында «Фармация» білім беру бағдарламасы студенттерінің арасында I Халықаралық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты — студенттердің білімін тереңдету, фармацевтикалық технология саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердің жетекші медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарының командалары қатысты. Бағдарламаға теориялық тапсырмалар, практикалық кезеңдер және кәсіби дағдылар мен креативті ойлауды көрсететін шығармашылық тапсырмалар кірді.
Олимпиада жеңімпаздары:
- 1 орын — STERN.KG командасы (И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы)
- 2 орын — PharmLegends командасы (С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ)
- 3 орын — Uzfarm командасы (Ташкент фармацевтикалық институты)
Арнайы номинациялар:
- «Фарма-көшбасшы теоретик» — Тротил командасы (Семей медицина университеті)
- «Болашақ технологтар командасы» — Nomad pharm technologies командасы (Астана медицина университеті)
- «Ең креативті команда» — ЮК-ФАРМ командасы (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы)
Олимпиада қатысушыларының тізімі:
№ | Команда атауы | Қатысушылар | Ғылыми жетекші |
1 | Uzfarm | Хамидуллаев Ш.А., Урунбаева К.А., Давлетьярова А.Р., Рахматулина А.И., Мухтарова М.И. | Кариева Ё.С., фарм. ғылымдарының докторы, «Дәрілік форма технологиясы» кафедрасының профессоры |
2 | Тротил | Ерланұлы Е., Дәулетова К., Искакова З., Болатов Ә., Бақытжарова Н. | Абленова А.Т., аға оқытушы, Семей медицина университеті |
3 | Nomad pharm technologies | Кадырбекова А.Н., Ахатаева Ә.А., Сергазина А.К. | Абдіқалықов Р.Д., аға оқытушы, Астана медицина университеті |
4 | STERN.KG | Баширов И.А., Исмаилова З.М., Рыскулбекова М.М., Гулбуддин С.Ш., Сулайманова З.Э. | Дооталиева С.Ч., фарм. ғыл. кандидаты, доцент |
5 | PharmLegends | Алимжанова К., Жуман Ж., Салықбаев А., Оразбай Г., Бекназаров М.М. | Амантаева М.Е., PhD, фарм. технология кафедрасының ассоц. профессоры |
6 | ЮК-ФАРМ | Ғалымқызы Д., Егешова А.М., Есенали С.Г., Нұрлыбек А.Б., Серикбаева М.Д. | Омарбекова А.А., аға оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі |
Бұл олимпиада халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және фармацевтикалық технология саласындағы студенттердің практикалық дайындығын жетілдіруге елеулі үлес қосты.
Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге жоғары дайындық деңгейі, қызығушылығы мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!