II Түрік Әлемі Ортопедия және Травматология Конгресі аясында «Суйек және жұмсақ тін онкологиясы» тақырыбына арналған мастер-класс
Сүйек және Буын Хирургиясы Қауымдастығының басшылығымен Эрзинджан Бинали Йылдырым Университеті және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университі ректорлары тарапынан көрсетілген көмек қолдауларымен 2019 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «II Түрік Әлемі Ортопедия және Травматология Конгресі» өтеді.
Аталған конгресс аясында 2019 жылдың 13 қыркүйек күні ҚазҰМУ-да «Суйек және жұмсақ тін онкологиясы» тақырыбында жас мамандарға арналған мастер классы өтеді. Өтетін орны: Төле би к-сі, 94, әкімшілік ғимараты, 2-қабат, Даңқ залы. Барлық жас мамандарды осы шараға қатысуға шақырамыз. Тіркелу үшін қосымшада берілген форманы толтыруыңызды сұраймыз.
Іс-шара бағдарламасы және тіркеу формасы қосымшада.