II Түрік Әлемі Ортопедия және Травматология Конгресінің ашылу рәсімі, 12-15 қыркүйек 2019
2019 жылдың 12 қыркүйек күні Эрзинджан университеті, Түркияның Сүйек және Буын Хирургиясы Қауымдастығының басшылығымен және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен бірлесіп ұйымдастырылған II Түрік әлемі ортопедия және травматология конгресінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
13-15 қыркүйек аралығында Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде өткен Конгреске Түркия, Қазақстан, Дағыстан және басқа да түркітілдес елдерінің дәрігерлері, ҚазҰМУ резиденттері мен интерндері қатысты.
Ашылу салтанаты 12 қыркүйекте 17:00-де ҚазҰМУ-дың Конкордия театрында әйгілі Құрманғазы оркестрінің орындауында «Көңілашар» күйімен басталды.
Университет ректоры Талғат Нұрғожиннің Конгреске деген жылы құттықтау сөзінен кейін Сүйек және Түркияның Буын Хирургиясы Қауымдастығының президенті профессор Ведат Шахин сөз сөйледі. Профессор Сұлтанбаев Темірболат, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері Қазақстанның травматолог мамандары атынан сөз сөйледі. Көрермендерге түрік профессоры доктор Сүрейя Али Бейзадеоглудың әдеби-поэтикалық қойылымы үлкен әсер қалдырды. Өлең шумақтарында Конгрестің негізгі идеясы, яғни, барлық түркі халықтарының рухани және тілдік бірлігі туралы айтылды!
Құрманғазы оркестрінің музыкалық шеберлігі қонақтардың назарын аударды, оркестр халық композиторының ең жақсы жеті туындысын, оның ішінде «Адай» және «Сарыарқа» күйлерін орындады.
Рәсім ҚазҰМУ-дың студенттер асханасында ұйымдастырылған фуршетпен және оркестр солистерінің қазақ әуендерін орындауымен аяқталды.
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы