“International Student’s Journal of Medicine” электрондық студенттік журналы жұмыстар/статьялар байқауын жариялайды
Құрметті студенттер және жас ғалымдар!
“International Student’s Journal of Medicine” электрондық студенттік журналы редакциясы үздік ғылыми жұмыстар/статьялар байқауын жариялайды. Үздік деп табылған 5 жұмыс журналдың келесі санында басылып шығарылады(Vol. 1, No 2, April-June, 2015).
Сіз неліктен осы байқауға қатысуыңыз керек?
- Заманауи студенттік журналда халықаралық редакциялық ұжыммен(Қазақстан, Ресей, Швейцария, Греция, Малайзия, Индонезия және т.б.) тегін басылым жасау мүмкіндігі;
- Журналда халықаралық стандартқа сай ISSN(ISSN-Халықаралық стандарттық сериялықнөмір- кез келген кезеңдік басылымның идентификаторы)нөмірі бар;
- Ғылыми жұмыстардың рецензенттері Қазақстан, Ресей, Еуропа, Азияның профессорлары мен жас ғалымдары болып табылады;
- Басылым тілі- халықаралық ағылшын тілі;
- ISJM-нің оқырмандары-бүкіл әлем студенттері мен жас ғалымдары болып табылады.
Дедлайн- 10сәуір 2015 жыл.
Байқауға статьялар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Үздік статьялар іріктелуінен кейін журналдың редакциялық ұжымы тікелей автормен жұмыс жасай отырып, статья ағылшын тіліне аударылуына, безендірілуіне, жөндеу жұмыстарына көмектеседі.
Іріктеу критерийлері: талапқа сай келуі, тақырып өзектілігі, плагиат болмауы,дұрыс статистикалық талданған ақпарат, дұрыс және сапалы мазмұнының болуы, үздік таңдалған әдебиеттер(соңғы 5 жыл)
Статьяларды талаптарға сай келтіріп(талаптар төмендегі файлда келтірілген), журнал редакциясының электронды почтасына жіберу қажет[email protected]
Қосымша ақпарат алу үшін мына электронды почтаға хабарласуыңызға болады: [email protected], [email protected]
ISJM-дегі басылымдар- сіз үшін үлкен тәжірибе мен жетістікке қол жеткізу мүмкіндігі!
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/international-students-journal-medicine-электрондық-студенттік/