IV Орталық Азия Неврологиялық Форумы – 2026 жылғы 27–28 ақпан
Құрметті әріптестер!
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ және «Неврологтар қауымдастығы» ҚБ орталық өңірдің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп, сіздерді «IV Орталық Азия Неврологиялық Форумына» «Клиникалық неврология және нейрореабилитологияның өзекті мәселелері» тақырыбында қатысуға шақырады.
Форум 2026 жылғы 27–28 ақпан күндері өтеді.
Форум аясында неврологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтудың заманауи тәсілдері қарастырылып, жетекші мамандардың клиникалық талдаулары, ғылыми баяндамалары және тәжірибелік ұсынымдары ұсынылады.
Қатысуға дәрігер-неврологтар, нейрохирургтер, реабилитологтар, сабақтас мамандықтар бойынша мамандар, ғылыми қызметкерлер, резиденттер, студенттер және интерндер шақырылады.
Өтетін орны: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 115, «Гранд Отель Тянь-Шань» қонақүйі, гибридті форматта (офлайн және https://neuroforum2026.online платформасында).
Бағдарлама сілтемесі: https://neuroforum2026.online
Сіздерді форумға қатысып, кәсіби әрі нәтижелі диалогқа атсалысуға шақырамыз!


