«KazMSA Surgery» қысқы мектебі
Құрметті студенттер!
Сіздерді С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінде 2018 жылдың 26 ақпан – 3 наурыз аралығында болатын хирургия бағыты бойынша халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған «KazMSA Surgery» қысқы мектебіне шақырамыз.
«KazMSA Surgery» қысқы мектебінің мақсаты:
- медициналық жоғарғы оқу орындары студенттерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуын нығайту;
- студенттердің хирургиялық дағдыларын нығайту;
- хирургияның базалық білімдерімен таныстыру;
- қарапайым хирургиялық манипуляцияларды үйрету;
- хирургия саласының қазіргі заманғы жаңа әдістерін қолдана отырып Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының Экспериментальді медицина зертханасында және Қ.Қ. Қожаханов атындағы Практикалық дағдылар орталығында оталар жасау
«KazMSA Surgery» қысқы мектебіне барлық медициналық жоғарғы оқу орындарының 3-7 курс студенттері қатыса алады. Қысқы мектеп 6 күнге созылады. Жалпы сағат саны – 40 сағат. Қатысушылар осы уақыт көлемінде болатын барлық теориялық және практикалық сабақтарға қатыса алады. Сабақтар соңына жеткен соң қатысушыларға сертификат беріледі. «KazMSA surgery»ге қатысу үшін ешқандай дайындық талап етілмейді. Қатысушы студент өзімен бірге арнайы хирургиялық киім алып келу керек.
«KazMSA surgery»ге қатысу үшін 2018 жылдың 1 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша тіркелуден өту керек:
Студенттердің барлық шығындары (жол ақысы, жатын орын, тамақтану) жіберуші тараптан.
Ұйымдастырушылар:
- Хирургия №2 кафедрасы
- Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының Экспериментальді медицина зертханасы және Виварий
- Қ.Қ. Қожаханов атындағы Практикалық дағдылар орталығы
- KazMSA-ҚазҰМУ Жергілікті Комитеті
- Клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасы (CAOSKAZNMU)
Барлық сұрақтар бойынша:
KazMSA төрағасы, негізгі ұйымдастырушы Надир Нарзулла
тел: 8-777-422-83-80
E-mail: [email protected]