KazMSA Surgery 2019
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «KazMSA – KazNMU» жергілікті комитетінің ұйымдастыруымен, III халықаралық «KazMSA Surgery» қысқы мектебі болып өтті.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «KazMSA–KazNMU» жергілікті комитетінің ұйымдастыруымен, 2019 жылдың 25 ақпан – 02 наурыз аралығында хирургия бағыты бойынша «KazMSA Surgery» халықаралық қысқы мектебі болып өтті.
Халықаралық «KazMSA-Surgery» қысқы мектебіне Қазақстандық және көршілес Қырғыз елінің Жоғарғы оқу орындарынан жалпы саны – 163 қатысушы келді. Атап айтсақ, Астана медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Семей мемлекеттік медицина университеті, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қазақстан-Ресей медицина университеті, Б.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Словяндық университеті, (Қырғызстан) И.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы(Қырғызстан) бакалавр және интерн студенттері.
Хирургия саласына бағытталған қысқы мектептің алғашқы күні қатысушыларды қарсы алу және ресми ашылу салтанатына бағытталды . Ұлттық университетіміздің «Даңқ залында» өткен ашылу салтанатында Университетіміздің ректоры Т.С.Нургожин, Провост Дайнюс Павалкис, Стратегиялық және коорпоративтік даму бойынша проректор У.М.Датхаев, Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша проректор Б.С.Жусупов, «Жалпы Медицина» мектебінің деканы Г.А.Шопаева, «Халықаралық медицина» факультетінің деканы Н.Ж. Джардемалиева, Медициналық тәжірибелер зертханасының меңгерушісі И.Р.Фахрадиев, «№2 Хирургия» кафедрасының ассистені Т.А.Салихова қатысушыларға сәттілік тілеп,хирургия саласының медицинадағы маңызы жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, ҚР танымал хирургы Баймаханов Болатбек мырзаның қатысушылармен кездесуі болды. Ашылу салтанатынан соң университет аумағында экскурсия жүргізіліп, хирургия пәнінің алғы-шарттары туралы дәріс оқылды.
Болашақ хирургтардың басын қосқан III халықаралық «KazMSA Surgery» қысқы мектебінің жаңалығы ретінде; – Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің интерндары мен Астана Медицина университетінің бакалавр студенттерінің тренинг жүргізіп, «Абдоминальды хирургия», «Қан-тамырларды тігу. Қан тамырлық анастомозды жүргізу әдістері.», «Өкпе жарақаттарын хирургиялық жолмен емдеу» тақырыптары бойынша қатысушыларды тәжірбиелік дағдыларға үйретуі.
Қатысушылар 3 негізгі топқа бөлінді. Хирургия мектебінің алғашқы күні «А» тобы А.Б.Атчабаров атындағы іргелі-қолданбалы ҒЗИ қабырғасында
лабораториялық жануарларға тәжірбие жүргізді. «Б» тобы аудиториялық ғимаратта «Патентті ақпараттық іздеу. Ғылыми жұмыстарды патенттеу.», «Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізі.Кеңейтілген биостатистика курсы.», «Медицина қызметкерлерінің эмоциональды күйреуі.Копинг стратегияның негіздері.», «Хирургия саласының мамандарын дайындаудың жапон,ағылшын,неміс,америкалық әдістері» тақырыптарында дәріс тыңдаса, «С» тобы Қ.Қожақанов атындағы медициналық симуляциялар орталығында «Абдоминальды хирургия», «Қан-тамырларды тігу. Қан тамырлық анастомозды жүргізу әдістері», «Өкпе жарақаттарын хирургиялық жолмен емдеу. Сыртқары резекция.», «Травматология» тақырыптарында «№2 Хирургия» кафедрасының асистенті Т.А.Салихованың жетекшілігімен тәжірбиелік дағдыларды үйренді. Осылайша 3 негізігі топ жоспар бойынша ішінара ауысып «KazMSA Surgery» қысқы мектебінің білім және тәжірбиелік курсын толықтай игерді.
Аталмыш қысқы мектебіміздің жабылу салтанатыда ерекше деңгейде өтті. Стратегиялық және коорпоративтік даму бойынша проректор У.Датхаев, Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша проректор Б.С.Жусупов қатысушыларға дәрігер мамандығы әрдайым ізденіс пен жаңартуларды талап ететінін тілге тиек ете отырып, сәттілік тіледі.
Осы орайда, «KazMSA Surgery» халықаралық қысқы мектебінің жоғарғы деңгейде өтуіне үлес қосқан университет әкімшілігіне, студенттермен жүмыс бөлім басқармасы, басқарма басшысы Нұржан Асқарұлына «Жалпы Медицина» мектебінің деканы Г.А.Шопаеваға, Резидентура және Интернатура факультеті деканы З.М. Жанкаловаға, «Халықаралық медицина» мектебінің деканы Н.Ж.Джардемалиеваға, «Фармация» мектебінің деканы, З.Сакиповаға, Қ.Қожақанов атындағы Медициналық симуляциялар орталығының меңгерушісі Е.Б.Жантілеу, А.Б.Атчабаров атындағы іргелі – қолданбалы ҒЗИ-на «Медициналық тәжірибелер зертханасының меңгерушісі И.Р.Фахрадиевке, «№2 Хирургия» кафедрасының ассистені Т.А.Салиховаға және КазМСА–ҚазҰМУ студенттеріне алғыс білдіреміз!
КазМСА-ҚазҰМУ жергілікті комитеті