«KazNMU CUP #1»
«KazNMU CUP #1» турнирінің есебі
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің 85 жылдық мерей тойы және Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күніне орай , «100 қадам – Ұлт жоспары» реформасын жастар арасында насихаттау мен «Денсаулық – 2020» стратегиясын міндеттерін дәріптеу мақстында, сонымен қоса университет күндері мерекелері қарсаңында республикалық деңгейде «Alma Mater» лидерлік – дебат клубының ұйымдастыруымен желтоқсан айының 4-6 күндері «KazNMU CUP #1» дәстүрлі пікір-сайыс турнирі өткізілген болатын.
Жалпы турнирге еліміздің 6 аймағынан ( Астана, Қарағанды, Семей, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы ) 25 жоғары оқу орнынан 150-ге жуық қонақтар, ал «Alma Mater» лидерлік-дебат клубынан 100-ге тарта университеттің белсенді студенттері ат салысқан болатын.
Алғашқы күні , 4-желтоқсанда, аймақтан келген қонақтарды күтіп алу мен оларды пәтерлеріне жайғастыру шаралары өткізілген болатын. Кешкісін университетімізде брифинг өткізіліп, қатысушыларды нақты тіркеп, 80 фракция ішінен 64 фракцияны іріктеп алынып, турнирде талқылатын қарарлар бойынша сұрақтар қарастырылып және алдын-ала кездесу ойындарының тәртібі құралған болатын.
5-желтоқсан күні «KazNMU CUP #1» дәстүрлі пікір-сайыс турнирінің салтанатты ашылуы университет жез таңдай әншілері мен мың бұралған бишелерімен «Concordia-да» өткізілген болатын. Қонақтарға арнап университет және анатомия мұражайларында экскурсия өткізіліп, медицина өмірінің қаншалықты қызық та , қиын екені көрсетілді. Іріктеу ойындары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, аса қауіпті ЖИТС сырқаты туралы , емханалардың қызмет көрсету аясы мен медициналық кадрлар жайлы талқыланды. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік болған 32 фракция келесі турға өткізелген болатын. Күн соңы жігіттер арасындағы сайыс, бейресми шара, салауатты өмірді қалыптыстырудың негізі болған футбол ойынымен аяқталды. Бұл бәйгеге де 10 университеттің 70-ке тарта тарландары қатыстырылды.
Турнирдің келесі күні үздік деп танылған 4 спикерлер арасында Линкольн-Дуглас форматындағы жартылай финалдық ойындардан басталды. Ал, 32 фракция өз жеңістері мен спикерлік баллдарына сәйкес жоғары және төменгі лигаларға бөлініп, жарысты жалғастырды. «Дәрігер болу бақыт» деп санаған үздік ойыншылар арасындағы финал өткізілді . Өлім қаупі бар босану жағдайын ана не бала өміріның маңыздылығы, қылмескердің донор болуы , «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы және саяси мәселелерді ара-жігін ажыратқан спикерлер арасындағы турнир қорытындысы:
Жоғары лига 1орын-«Руслан Желдібай» ( Бағдат Әділет,Базарбаев Олжас Нархоз ), 2 орын – «Веритас» ( Қалмұрат Аян ,ҚазҰУ, Асылбекова Айжан, ҚММУ), 3 орын – «Триумф» (Хасенұлы Бердімұрат, Деме Ғалия СДУ).
Төменгі лига 1 орын – «Смайл» ( Тұрсынханова Салтанат, Жолдасбек Мерурет МУА) , 2 орын – «Қожа мен Жанар» (Динара Тілеубек ҚазҰУ, Әли Нұрберген ҚазҰАУ), 3-орын – «KSMU KZ» ( Ибраев Батыржан, Егентаева Маржан ҚММУ).
Суперфинал жеңімпазы – -«Руслан Желдібай» ( Бағдат Әділет,Базарбаев Олжас Нархоз ).