«KAZNMU ENDOWMENT» қоғамдық қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 5 000 000 теңге аударды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қазақстанның бірқатар өңірлерінде орын алған ірі су тасқынының зардаптарын жоюға өз үлесін қосты. «KAZNMU ENDOWMENT» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 5 млн теңге көлемінде қаражат аударды, онда зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін қаражат жинақталуда. Сонымен қатар ҚазҰМУ резиденттері зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілді.
Бұған дейін С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2024 жылдың 6-7 маусымында Алматыда өтетін «Asfen.Forum, жаңа ұрпақ-2024» ІІ халықаралық форумын Қазақстанның бірқатар өңірлерінде орын алған су тасқыны жағдайына байланысты өткізбеу, ал аталған форумға жоспарланған қаражатты зардап шеккендерге көмек ретінде жолдау туралы шешім қабылданды.