Kwansei Cakuin университеті, Ғылым және технология мектебі Жапон әріптестерімен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы
18.01-04.02.2020 жылы «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2-курс докторанттары Аширов М., Рахымбаев Н., Укибаев Д., Жапонияның ең үздік ғылыми-зерттеу университеттерінің бірі болып табылатын Kwansei Cakuin университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.
Тағылымдама барысында докторанттар шетелдік жетекші, профессор Hidetoshi Sato басшылығымен Renishaw Raman спектроскопиясы, JSM 6510 La маркалы сканерлейтін электронды микроскоп сияқты және т. б. қазіргі заманғы физика-химиялық жабдықтарды пайдалана отырып зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Докторанттармен бірге аталған университетке «visiting professor» ретінде біздің ЖОО профессорлары, фарм.ғ.д., профессор Датхаев У. М. және х.ғ.д., профессор Мырзақожа Д. А. шақырылды.
Сапар барысында профессор Датхаев У. М. «Biomedical Chemistry» факультетінің студенттері мен ПОҚ «Қазақстанның фармацевтикасы: ғылым мен өндірістің интеграциясы»тақырыбында дәріс оқыды.
Өз баяндамасында ол Қазақстанның Білім және ғылым жүйесі, отандық фармацевтикалық саланың дамуы және ғылымның өндіріске кірігуі туралы мәселелерді атап өтті.
Сонымен қатар, профессор Мырзакожа Д. А. біздің қызметкерлеріміздің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруы туралы баяндама жасады. Пікірталас барысында бірлескен ғылыми жобаларды құру, рейтингтік ғылыми басылымдарда және т. б. басылымдарда жарияланымдарды дайындау мәселелері ұсынылды және талқыланды.
Жұмыс барысында, Томас Хершфильд сыйлығының лауреаты, профессор Y. Ozaki біздің докторанттарға арнайы «Спектроскопия және өмір» тақырыбында дәріс оқыды.
Факультет деканы Hashimoto Hideki кездесу барысында ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.
Сапар соңында екі тараптың ғылыми-зерттеу алаңдарын сапалы және тиімді қолдану, тәжірибе алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларына қатысты және т .б. көптеген мәселелер талқыланды.