«Neurology Update in Kazakhstan 2024» VI Халықаралық білім беру форумы.
📍 Өтетін орны: DoubleTree by Hilton қонақ үйі, Алматы қ., Досмұхамедов к-сі, 115
📅 Өткізу күні: 2024 жылғы 17-18 мамыр
Қазақстандық Ұлттық неврологтар қауымдастығы ұйымдастырған «Neurology Update in Kazakhstan 2024» VI Халықаралық білім беру форумында Қазақстандық ұлттық медицина университетінің, Еуропалық неврология Академиясы және Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қолдауымен неврология саласындағы жетекші сарапшыларға қосылыңыз.
Жүйке жүйесінің әртүрлі аурулары бар науқастарды диагностикалау, емдеу және оңалтудың ең озық технологияларын талқылаңыз.
Мақсаттары мен міндеттері:
- Невролог дәрігерлердің, жалпы практика дәрігерлерінің, реабилитологтардың, нейрохирургтардың, реаниматологтардың біліктілігін арттыру.
- Ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту.
- Шетелдік әріптестермен ғылыми-білім беру қызметін кеңейту.
Халықаралық спикерлер:
Пол Бун, MD, PhD FEAN, Еуропалық неврология академиясының президенті, Бельгия.
Андрей Александров, MD, неврология профессоры, Аризона университеті, АҚШ.
Тхань Нгуен, MD, FRCPc, FSVIN FAHA, Қан-тамыр және интервенциялық неврология қоғамының президенті, АҚШ.
Дитер Ритмахер, PhD, ғылыми жұмыс және аспирантура бойынша деканның орынбасары, неврология ғылымдарының профессоры, медицина мектебі, Назарбаев Университеті Астана Қазақстан.
Валерий Фейгин, MD, PhD, профессор, Ұлттық инсульт және қолданбалы неврология институты, клиникалық ғылымдар мектебі, Окленд технологиялық университеті, Жаңа Зеландия.
Анна Александрова, PhD, профессор Теннесси университеті, АҚШ.
Және әлемнің басқа да жетекші мамандары.
Форум гибридті режимде (онлайн және офлайн) өтеді.
Тіркелу тегін.
Тіркелу және қосымша ақпарат форумның ресми сайтында қолжетімді
https://knann2024.online/#registration
Неврология әлеміндегі маңызды оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Өз біліміңізді тереңдетіп, кәсіби байланыстарыңызды дамытыңыз.
Біз Сіздерді Алматыда күтеміз!