QAZAQ REPUBLIC «Медицина» бағытының 2–3 курс студенттері арасында шәкіртақы алу конкурсын жариялайды
Құрметті ҚазҰМУ білім алушылары!
QAZAQ REPUBLIC «Медицина» бағытының 2–3 курс студенттері арасында шәкіртақы алу конкурсын жариялайды. Қатысу үшін негізгі талаптармен танысып, QR код арқылы өтінім формасын толтыру қажет.
Өтінімдер 2025 жылғы 23 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Негізгі талаптар:
1. Күндізгі оқу түрінде білім алу;
2. Соңғы аяқталған семестр бойынша GPA 3,0-ден төмен емес;
3. Алдыңғы семестрді академиялық қарызсыз сәтті аяқтау;
4. ҚР азаматы болу;
5. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
6. Психикалық мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастар бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
7. Жасы 18 бен 25 жас аралығында (қоса алғанда);
8. Басқа ұйымдар/қорлардан қайырымдылық көмегі есебінен қаржыландырылатын өзге стипендиялар мен гранттардың болмауы.
Қосымша критерийлер:
Ғылыми белсенділік критерийлері.
Артықшылыққа ие студенттер:
1. Рецензияланатын басылымдарда ғылыми мақалалары бар;
2. Ғылыми конференцияларға баяндамамен қатысқан;
3. Ғылыми жобалар мен зерттеулерге қатысқан;
4. Олимпиадалар мен ғылыми жұмыстар конкурстарында жүлделі орындарға ие болған.
Қоғамдық белсенділік критерийлері.
Есепке алынады:
1. Студенттік өзін-өзі басқаруға қатысу;
2. Волонтерлік қызмет;
3. Әлеуметтік жобалар мен бастамаларға қатысу;
4. ЖОО-дағы мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу.
Қосымша белсенділік.
Оң бағаланады:
1. Гранттар алу конкурстарына қатысу;
2. Жобаларды іске асыру тәжірибесі;
3. Жеке бастамалары мен стартаптарының болуы.