«QazInnovations» АҚ Басқарма төрағасы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылыми әзірлемелерінің құндылығын жоғары бағалады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне келу барысында «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Санат Аханов көрсетілген ғылыми әзірлемелердің құндылығын жоғары бағалады. Айта кетейік, көрмені аралау уақыты 50 минутқа есептелген болатын, дегенмен «QazInnovations» басқарма төрағасы инновациялық идеялармен 2 сағатқа жуық уақыт танысты. Ол әрбір стендтегі отандық ғалымдардың әзірлемелерін мұқият зерттеп, алдағы жұмыс үшін бірден қағазға түртіп отырды.
Сонымен қатар Санат Аханов Геномдық зертхана мен Атчабаров атындағы ҒЗИ Виварийіне барды. Соңынан ол компанияның қызметі және қазақстандық инноваторларды қолдау жоспарлары туралы айтып өтті.
«Мен еліміз адами капиталға осыншалықты бай екеніне және елімізде инновациялық әзірлемелердің көптігіне таң қалдым. Біз не істеп жатырмыз? Қазір еліміз шикізат сынды, ал біздің міндетіміз жоғары технологиялы елге айналу. Біз инновацияларды, технологиялық әзірлемелерді іздейміз. Бізде қазір Премьер-Министрдің жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңес бар. Қазір 3 басымдығымыз бар. Солардың бірі MedTech, дәл сол үшін осындамыз. Қазір біз медицина саласының технологиялық болжамын жасаудамыз. Ендігі міндетіміз – техниканың, өнімдердің, телемедицинаның, фармацияның салалары, болашағы қандай екенін зерттеу және түсіну. Нәтижесінде біз өнімдер мен қызметтерді дайындаудың әлеуетін, саласын түсінуіміз қажет. Ал елімізге қайда және қанша инвестиция салу қажеттілігін ұсынуымыз қажет», – деп атап өтті Санат Аханов.