«QS XCHANGE SEMINAR: PERFORMANCE IMPROVEMENT STRATEGIES FOR UNIVERSITIES» семинарына қатысуға шақырамыз
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті Сізді QS Asia Quacquarelli Symonds және әлемнің 7 ТОП университетінің қатысуымен өтетін «QS XCHANGE SEMINAR: PERFORMANCE IMPROVEMENT STRATEGIES FOR UNIVERSITIES» семинарына қатысуға шақырады
Семинар өту күні мен уақыты: 2015ж. 15 маусым күні, сағ. 9.30 дан 17.00 ге дейін
Семинар өткізілетін жер: Алматы қ-сы, Бөгенбай батыр көшесі, 149, Масанчи көшесінің қиылысы, «Concordia» театры
Қазақстандық жоғары оқу орындарының ТОП 700 әлемдік университеттер рейтингісі қатарына кіруі 2011-2020 жж. арналған ҚР білім беру саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты болып саналады, сонымен қатар 2014-2020 жж. арналған Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 ел қатарына кіруі бойынша Концепциясының ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуіне сәйкес келеді. QS WUR (Quacquarelli Symonds World University Rankings) рейтингілік агенттігінің 2014 жылғы зерттеуі бойынша ТОП 100 университтерінің үштен бір бөлігінен көбісін Азиялық-Тынық мұхиттық аймағы құрайды, және де Азия ТОП университеттері саны 2011 жылдан бастап 50 пайызға өсті.
Осыған орай С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ QS Asia Quacquarelli Symonds-бен бірге «QS Xchange Seminar: Performance Improvement Strategies for Universities» халықаралық семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты: Қазақстан университеттерін маркетингілеу және брендингілеу бойынша стратегиясын әзірлеу, Азиялық аймақтағы жоғары білім беруді өзгерту және әлемдік қатардағы университтер құру саласында тәжірибе алмасу.
«External Strategies for Marketing & Branding for Kazakh Universities» маңызды баяндамасымен QS Asia Quacquarelli Symonds Pte (Сингапур) бас директоры Мэнди Мок ханым сөз сөйлейді. Сонымен қатар семинар барысында халықаралық қатынастар және даму стратегиясы бойынша вице-канцлер Винни Эли (Ньюкасл университеті, Австралия), Амити университеті президенті Атул Чохан (Индия), Каошунг медициналық университеті профессоры Артур Чен (Тайвань), Гон Конг политехникалық университетінің Құрылыс және қоршаған орта факультеті ассоц.деканы, проф. Дин Че (Гон Конг), Ханьян университетінің Халықаралық зерттеулер жоғары мектебінің деканы проф. Стив Ли (Оңтүстік Корея), Наньян технологиялық университеті (Сингапур) және Universiti Malaysia Perlis (Малайзия) өкілдері.
Семинарға ҚР Білім беру министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ЖОО ректорлары, ҚазҰМУ визитинг-профессорлары және де серіктес университеттерден қонақтардың қатысуы жоспарлануда.
Семинарға қатысушылар: жоғары және орта топтағы жоғары оқу орындары басшылары.
Семинар жүргізу тілі: ағылшын (синхронды аударма қарастырылады).
Қатысу шарты: әр қатысушыға төлем 35 000 (отыз бес мың) теңге үлестірме материалдарын (CD), 15.06.2015ж. кешенді түстік асты қамтиды. Көлік және тұру шығынын қатысушы қамтиды.
Қатысу үшін өтінімдер [email protected] электрондық мекен-жайына төменде көрсетілген үлгі бойынша 2015ж. 29 мамырға дейін қабылданады.
Аты-жөні | Қызметі | Жұмыс орны | Байланыс телефоны, e-mail |
Тіркелу барысында көрсетілген электрондық мекен-жайына жіберілген ақша түбіртегі көшірмесін «Семинар QS Asia 2015» белгісімен жіберуіңізді өтінеміз.
Толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызды өтінеміз: 8(727)3387049 (7041,7046). Қатысышулар кез келген өзгерістер туралы http://www.kaznmu университет веб-сайты және электрондық пошта арқылы хабардар етілетін болады.
Төлемді жіберуге арналған есептесу шоты:
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ республикалық мемлекеттік кәсіпорыны. Мекен-жайы: 050012, Алматы қ-сы,Толе би, 88.
СТН: 600 700 012 467
БСН: 990 240 007 246
Банк: «Банк ЦентрКредит» АҚ, Алматы қ-сы
ЖСК: KZ848560000000063180
БСК: KCJBKZKX, КБЕ: 16