«Recycle» эконауқаны
2026 жылдың 9 наурызында Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде «Recycle» эконауқаны өтті. Бұл іс-шара экологияны сақтау, қалдықтарды қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Университетімізден Айнур Кумарбековна және Гүлшат Алтаевна қатысып, форум барысында көптеген жаңа ақпарат пен тәжірибелермен танысты. Іс-шара теория мен практиканы біріктіре отырып, қатысушыларға экологиялық акциялардың қалай жүзеге асатынын көруге мүмкіндік берді.
Форум барысында әртүрлі семинарлар мен тренингтер өткізіліп, қатысушылар қалдықтарды бөліп жинау, қайта өңдеу әдістері және экологиялық жауапкершілік туралы білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, іс-шараның интерактивті бөлігінде қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, нақты экологиялық жобалармен жұмыс істеді.
Бұл науқан тек пайдалы ақпарат алумен ғана шектелмей, қатысушыларға көңілді және қызықты тәжірибе сыйлады. Университетіміздің өкілдері алған білімдерін әрі қарай өз студенттеріне үйретуді және практикалық жұмыстарда қолдануды жоспарлап отыр.
Recycle эконауқанының негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту, жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға тарту және тұрақты өмір салтын насихаттау. Біз осындай іс-шараларға қатысу арқылы қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын тағы да терең түсіндік және өз үлесімізді қосуға ынталымыз.







