Repository KazNMU — Webometrics Ranking of World Repositories рейтингінде еліміздің медицина ЖОО-ң арасындағы бірегейі
Webometrics Ranking of World Repositories 2016 жылға арналған қаңтар айындағы рейтингінің нәтижелері бойынша ҚазҰМУ репозиторийі, яғни ғылыми электрондық кітапхана, Қазақстан бойынша екінші орынды және Азияда 338 орынды иеленді, ал әлемдік рейтингте Қазақстанның рейтингке енген медициналық ЖОО-ң арасындағы жалғыз репозитарий бола отырып 1650 орында тұр.
Рейтингіде Қазақстаннан төрт ЖОО орны ұсынылған. Бірінші орында Қарағанды мемлекеттік техникалық университет, ол әлем бойынша 1531 орында тұр. Үшінші орында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлем бойынша 1728 орынды ұстап тұр, ал төртінші орында Назарбаев Университеті – әлемде 2297 орында тұр.
Ғылыми электрондық кітапхана – бұл ғылымға және білім беруге бағытталған құжаттардың электрондық мұрағаты. Қазіргі уақытта ҚазҰМУ репозиторийінің жинағында толық мәтінді 11751 жарияланым бар: ғалымдардың мақалалары, конференция мен семинарлардың жинақтары, «ҚазҰМУ жарғысы», университеттің мерзімі басылымдары, университеттің ғылыми-блім беру қызметінің негізі қаланатын оқу-әдістемелік әдебиет.
Webometrics Ranking of World Repositories рейтингінің басты мақсаты — өз сайттарында ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялау арқылы ғалымдар арасындағы ақпарат алмасуға ықпал жасау. Бұл рейтинг испандық Laboratorio de Internet зерттеу зертханасымен жылына екі рет – қаңтарда және шілдеде жасалады.
ЖОО электрондық кітапханаларының рейтингі (Webometrics Ranking of World Repositories) үш категория бойынша жүргізіледі: порталдар рейтингі (Top Portals), университет репозиторийлері рейтингі (Top Institutionals) және университеттік тақырыптық репозиторийлер рейтингі (Top Repositories).
Рейтингінің нәтижелерімен Webometrics Ranking of World Repositories сайтында http://repositories.webometrics.info/en/Asia?page=3 сілтемесі арқылы танысуға болады.
ҚазҰМУ ұжымын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және әрі қарай да ғылым-білім саласында алар асулары көп болсын деп тілейміз!
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі